
АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, 22 тамыз күні жергілікті уақытпен сағат 14:04-те Килауэа жанартауы белсенділігін күшейтіп, жаңа атқылау кезеңі басталған. Бұл – 31-ші тіркелген эпизод.
Лаваның биіктігі 30 метрден асады;
Солтүстік жерле маңында жер асты дүмпулері сезілуде;
Атқылау бірнеше сағат бойы жалғасып жатыр.
Килауэа жанартауы Гавайи аралында (Большой остров) орналасқан. Ол – Жер шарындағы ең белсенді вулкандардың бірі. Ғалымдардың айтуынша, Килауэа бірнеше ондаған жылдар бойы дерлік үздіксіз атқылап келеді.
Гавай халқы бұл жанартауды от пен лаваның құдайы – Пеле есімімен байланыстырады. Жергілікті мифологияда Пеле «от сақтаушысы» әрі аралдың қорғаушысы ретінде құрметтеледі.