Елорда • Бүгін, 16:07

Астанада 18 автобус бағытын өзгертті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада автобус бағыттары уақытша қозғалысын өзгертті, деп хабарлайды Egemen.kz «City Transportation Systems» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне сілтеме жасап.

Астанада 18 автобус бағытын өзгертті

фото: қала әкімдігі

«№ 3, 4, 4А, 14, 18, 19, 23, 25, 28, 31, 40, 44, 48, 61, 71, 73, 503, 61 автобус бағыттарының қозғалыс кестесі уақытша өзгертілді», деп хабарлады CTS.

Аталған автобус бағыттарының жаңа қозғалыс үлгілерін сілтеме арқылы көре аласыз.

Бұған дейін астаналықтарға Иордания королінің сапарына байланысты жолдардың жабылатыны туралы ескертілген еді.

Сонымен қатар, биылғы жылдың 29 тамызына дейін Ақбидай көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады.