Заң • Бүгін, 12:40

Қоғамдық мүлікке зиян келтірген 165 адам жазаланды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада полицейлер Байқоңыр ауданындағы аялдама павильонын әдейі бүлдірген ер адамды ұстады. 37 жастағы күдікті қоғам мүлкіне масаң күйде зиян келтірген, деп жазады Egemen.kz.

Қоғамдық мүлікке зиян келтірген 165 адам жазаланды

Фото: polisia.kz

Сот шешімімен құқық бұзушы бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе зақымдағаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынған. Елордалық полицейлер жыл басынан бері осыған ұқсас бұзақылыққа барған 165 адамның жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді. 

Айта кетейік, қала инфрақұрылымына залал келтіру заңмен жазаланады. Қалалық полицейлер аялдамалар мен орындықтарды, шағын сәулет нысандары мен өзге де қоғамдық кеңістікті бүлдіру қаланың көркін бұзып, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне кедергі келтіретінін де ескертіп отыр.