
Жол-көлік оқиғасы Абылай хан көшесінде болды. Теміртау қаласының 18 жастағы тұрғыны Changan Deepal S07 маркалы көлік ұрлап кеткен. Ол жол қозғалысы ережелерін елемей, қала ішінде қауіпті маневрлер жасаған.
Кейін тізгінге ие бола алмай, апатқа себеп болған. Салдарынан 3 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.