Аймақтар • 23 Тамыз, 2025

Қостанайда халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайда көп функциялы қызмет көрсету орталығы ашылды. Бұған дейін жұмыс істеп келген ескі орталықтың тұрған жері қолайсыз, ғимараты тарлау болатын. Жаңа ХҚКО кең, жаяу немесе көлікпен келушілерге бірдей қолайлы қала орталығындағы екі қабатты ғимаратқа орналасты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды

«Мұндай көп функциялы ХҚКО Қостанайдан өзге, Қызылорда мен Қарағандыда жұмыс істеп тұр. Біз алдымен осы аталған екі қаладағы әріптестеріміздің тәжірибесімен таныстық. Ескі ғимараттың қолайсыз болғаны рас, автотұрағы тар болды. Қазір бұл мәселе шешілді, жаңа ғимараттың 80 орындық автотұрағы бар», дейді «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ  филиалының директоры Мейіржан Жаңабаев.

Жергілікті бюджеттен бөлінген 180 млн теңге қаржыға күрделі жөндеуден өткен ғимараттың бірінші қабатын түгелімен ХҚКО алды. Ал екінші қабатта көші-қон полициясының, қалалық жер қатынастары және сәулет бөлімінің, ТКҚ бөлімінің, сондай-ақ коммуналдық қызмет бөлімшелерінің мамандары жұмыс істейді.

Орталық өкілдерінің айтуынша, мұнда тұрғындардың мемлекеттік қызмет алуына барынша қолайлы жағдай жасалған.

Қостанай облысы