кен
Экономика • 20 Қаңтар, 2026
Жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін Шымкент жаңа қадамға барды
Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында жеңіл өнеркәсіп саласында кадр даярлау жүйесін дамытуға арналған кеңейтілген басқосу өтті. Оған білім, жеңіл өнеркәсіп саласының мамандары қатысты. Ташкенттен өкілдер онлайн қосылды. Кездесуде дуальды оқыту жүйесі, өндірістік практика, білім беру бағдарламаларын еңбек нарығына бейімдеу мәселелері талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қаңтар, 2026
Полиция жылды қорытындылады: Нәтиже қандай?
Шымкент қаласының Полиция департаменті өткен жылғы жұмыстарын қорытындылады. Алдағы күнге жоспарларын белгіледі. Кеңеске Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха төрағалық етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қаңтар, 2026
Шымкентте жүргізуші куәлігін алуға келген адам көлікті аударып алды
19 қаңтарда Шымкент қаласындағы №4 мамандандырылған ХҚКО аумағында жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыруға келген адам көлікті аударып алды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы да ХҚКО-да жол-көлік оқиғасы болғанын растап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Қаңтар, 2026
Бестөбедегі шахтадан 35 жастағы азаматтың мәйіті табылды
Алдын ала мәліметтер бойынша, Стенпногор қаласының 35 жастағы тұрғыны шахтаға заңсыз жолмен кіріп, сол жерде қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қаңтар, 2026
Емтихан тапсыру кезінде автокөлік аударылып қалған
Оқиға Шымкент қаласында тіркелді. Жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтихан тапсырып жатқан кезде жол-көлік оқиғасы болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қаңтар, 2026
Теңіз кен орнында мұнай өндіру уақытша тоқтатылды
Теңіз кен орнында өрт шығуына байланысты электрмен жабдықтауда іркіліс болып, мұнай өндіру уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қаңтар, 2026
Жаркенттегі жантүршігерлік оқиға: Анасы баласын батареяға байлап сабаған
Жетісу облысы Жаркент қаласында әйел өз баласын байлап қойып, қатыгездікпен ұрған. Әлеуметтік желіде таралған видео негізінде Панфилов аудандық полициясы жедел түрде тексеру жүргізіп, қатыгез ананы тергеу изоляторына қамады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 16 Қаңтар, 2026
Жас қыздың өлімі: Шымкентте полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеру тағайындалды
11 қаңтар күні сағат 18:40-та Шымкенттегі Төлеметов көшесі бойындағы №69/39 үйдің маңынан 21 жастағы қыздың мәйіті табылған. Қалалық полиция департаменті күдіктіні қолға түсіріп, тергеу басталғанын хабарлаған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2026
Қарағандыда жүргізуші көлігінен ақбөкеннің өлексесі табылды
Қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Қаңтар, 2026
Қарияларға белсенді өмір сыйлаған орталық
Шымкентте «Белсенді ұзақ өмір» орталығы деген мекеме бар. Оның міндеті зейнет жасындағы азаматтарға медициналық, сауықтыру емдік шараларын көрсетеді, көңілдерін көтеруге жағдай жасайды, деп жазады Egemen.kz.
Жемқорлық • 13 Қаңтар, 2026
Полицейлер шетінен парамен ұсталып жатыр
Осыдан біраз уақыт бұрын Шымкент қаласы Полиция департаментіне қарасты Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының бастығы парамен ұсталды деген ақпарат тараған болатын. Жуырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті осы жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын ресми түрде растады, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 13 Қаңтар, 2026
4 жасар сәбиді өлім аузынан алып қалды
Шымкент қаласының дәрігерлері 4 жасар балаға күрделі операция жасап, іш қуысынан үлкен көлемді қатерсіз ісікті алып тастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 13 Қаңтар, 2026
Депутаттар жастармен ашық әңгімелесті
Шымкент қаласында Парламент Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Данабек Исабек пен Нұрсұлтан Байтілесов жергілікті жастармен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 13 Қаңтар, 2026
Көлік қозғалысын жеңілдеткен оң жақ өткел
Шымкентте Н.Назарбаев даңғылынан Бәйдібек би даңғылына қарай шығатын оң жақ өткел ашылды. Бұл көлік ағымының бағытын өзгертумен қатар жол қозғалысына түсетін жүктемені азайтуға, жүргізушілердің жолдағы уақытын қысқартуға мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Қаңтар, 2026
Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген алаяқ әйел ұсталды
Полиция департаментінің хабарлауынша Шымкентте 80 млн теңгеден астам сомаға алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде болған әйел ұсталды. Тергеу деректеріне сәйкес, ол шымкенттік тұрғындарға қатысты бірқатар алаяқтық қылмыстар жасаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 13 Қаңтар, 2026
«Үлкен жетілік» саммиті кейінге шегерілді
Аралас жекпе-жек өнерінің беделінің артқаны соншалық, Франция биылғы жылдың 14-16 маусым аралығында өтуге тиіс «Үлкен жетілік» саммитін кейінге шегерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Қаңтар, 2026
Шымкентте жас қызды өлтірді деген күдікті қолға түсті
Шымкентте 21 жастағы қызды өлдірді деп айыпталған күдікті ер адам ұсталды. Іздеу жұмыстарына Шымкент қаласы полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 12 Қаңтар, 2026
Шымкентте көпқабатты үйдің алдынан жас қыздың мәйіті табылды
Кеше сағат 18:40-та Шымкенттегі Төлеметов көшесі бойындағы №69/39 үйдің маңынан 21-23 жас шамасындағы бойжеткеннің мәйіті табылды. Полицейлердің мәліметінше, ол пышақ жарақатынан көз жұмған, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 12 Қаңтар, 2026
Ғалымжан Кенжебек ресейлік «Ахматтың» ойыншысы атанды
Қазақcтан ұлттық құрамасының жартылай шабуылшысы Ғалымжан Кенжебек ресми түрде Грозныйдың «Ахмат» клубының қатарына қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2026
«ҚазМұнайГаз»: Шымкент мұнай өңдеу зауытынан отын ұрланған жоқ
«ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ Шымкент мұнай өңдеу зауытынан заңсыз отын жөнелтілгені туралы БАҚ-та тараған ақпаратты теріске шығарды. Аталған компанияның ЖШС «ПКОП»-қа қатысы жоқтығы және зауыт аумағынан тыс орналасқаны мәлімделді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шымкент • 08 Қаңтар, 2026
Шымкентте жағымсыз иіс қайта сезілді
Шымкент қаласында жағымсыз иіс мәселесі қайта ушықты. Соңғы үш күннен бері қаланы басқан тұманмен байланысты түрлі болжамдар айтылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 08 Қаңтар, 2026
ІІМ: Шымкентте мұнай өнімдерін ұрлау схемасы әшкереленді
Ішкі істер министрлігі Шымкентте мұнай өңдеу зауытының аумағынан мұнай өнімдерін ұрлау схемасын анықтап, жолын кесті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Аймақтар • 08 Қаңтар, 2026
Мегаполисте 1 ай бұрын дүниеге келген үшем 6 қаңтар күні үйіне шығарылды. Нәрестелер Шымкенттегі қалалық перзентханада 39 күн бойы патология бөлімінде ем қабылдаған, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 07 Қаңтар, 2026
Шымкентте мерзімді әскери қызметтегі сарбаз көз жұмды
Шымкент қаласында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген сарбаз қайтыс болды. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Қаңтар, 2026
Қарағанды және Павлодар облыстарында заңсыз ақбөкен аулағандар ұсталды
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды облысының криминалдық полиция қызметкерлері Ішкі істер министрлігінің үйлестіруімен ақбөкендердің дериваттарын одан әрі өткізу мақсатында оларды заңсыз аулаумен айналысқан үш адамнан тұратын браконьерлік қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 06 Қаңтар, 2026
«Қазақмыс» корпорациясына жаңа басшы тағайындалды
Руслан Өскенәлі «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС Басқарма төрағасы қызметіне кірісті. Корпорация оның коммерциялық және өнеркәсіптік құрылымдардың басқарушылық қызметінде тәжірибеcі мол екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 02 Қаңтар, 2026
Кендірлі мен Қатонқарағайға ұшақ қонады: 2026 жылы әуе қатынасы қалай өзгереді?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әуе хабтарын дамыту және еліміздің транзиттік әлеуетін нығайту жөніндегі тапсырмасы аясында азаматтық авиация саласында ауқымды жұмыстар атқарылмақ. Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева 2026 жылы атқарылатын негізгі жобалардың жай-жапсарын баяндады, деп хабарладй Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2025
Шымкенттегі екі тұрғын үй алабына газ берілді
Шымкент қаласында тұрғын үй алаптарын кезең-кезеңімен газға қосу жұмыстары жалғасып жатыр. Жаңа жыл қарсаңында мегаполистегі екі ірі Алтынтөбе және Тассай шағынаудандарына табиғи газ берілді. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 29 Желтоқсан, 2025
Ғалымжан Кенжебек «Елімай» клубындағы мансабын аяқтады
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен семейлік «Елімай» клубының шабуылшысы Ғалымжан Кенжебек Ресей чемпионатында өнер көрсететін грозныйлық «Ахмат» клубына ауысты. Бұл команданы қазір бұған дейін ұлттық құраманы жаттықтырған Станислав Черчесов баптайды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2025
Кеншілер әулеті елдегі үздік еңбек династияларының бірі деп танылды
Астанада Жұмысшы мамандықтары жылы аясында өткен «Еңбек жолы – 2025» республикалық байқауының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды. Марапат иелері қатарында Қарағанды облысының өкілдері де бар. Шахтинск қаласынан шыққан Волокитиндер әулеті елдегі үздік еңбек династияларының бірі ретінде танылды, деп хабарлайды Egemen.kz.