Қазақстан • Бүгін, 12:24

Шымкентте Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтіп жатыр

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) кеңейтілген құрамдағы отырысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтіп жатыр

Отырысқа қатысушылар қатарында Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин, Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы әрі Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Касымалиев, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Армения Республикасының вице-премьері Мгер Григорян, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияның алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев бар.

Қазақстан Үкіметі мен Азия даму банкі 15 жаңа жобаны жүзеге асырады

Сонымен қатар бақылаушы мемлекеттерден Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов, Куба Республикасының Премьер-министрінің орынбасары – сыртқы сауда және шетелдік инвестициялар министрі Оскар Перес-Олива Фрага, Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшісі Али Акбар Джоукар қатысып жатыр.

Соңғы жаңалықтар