іс
Қоғам • 10 Маусым, 2025
Елімізде жаңа Су кодексі күшіне енді
Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген аталған құжатта – су ресурстарын басқару жөніндегі шешімдерді қабылдауға жұртшылықтың қатысуы кеңейтілді. Енді су бассейндері бойынша құрылған кеңестер су пайдалануды шектеу, су тасқыны мен қуаңшылықтың алдын алу, жергілікті биліктің қателіктерін түзету туралы ұсыныстар бере алады. Сонымен қатар, құжатта алғаш рет «су қауіпсіздігі» деген ұғым енгізілді. Яғни, ол – халықты және экономиканы су тапшылығы мен су көздерінің ластануынан қорғау, сонымен қатар трансшекаралық су ресурстарын қорғауда еліміздің мүддесін қамтамасыз ету дегенді білдіреді. Су көздерінің тартылып кетуінің алдын алу үшін «экологиялық ағын» деген жаңа ұғым енгізілді. Бұл – өзен, көл, теңіздердің экожүйелерін сақтау үшін қажетті ең төменгі су деңгейі, деп хабарлайды Egemen.kz сала министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 09 Маусым, 2025
Өткен аптадағы спорттық жетістіктер
Қазақстан спортшылары өткен аптада спорттық гимнастика, жеңіл атлетика және теннис ойындары бойынша жарқын жеңістерге қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 09 Маусым, 2025
Қазақстан - Болгария арасында 5 меморандумға қол қойылды
Алдымен екі ел Президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 09 Маусым, 2025
Қазақстан мен Болгария президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Қазақстан Президенті атап өткендей, Румен Радевтің елімізге үлкен делегацияны бастап келуі екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға тың серпін береді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Маусым, 2025
Автобус апатында аяғынан айырылған қыздың отбасына баспана беріледі
Астанада автобус апатынан кейін екі аяғынан айырылған қыздың отбасына тұрғын үй беріледі. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Маусым, 2025
Түркістан облысында 47 көшеге соғыс ардагерлерінің есімі беріледі
Түркістан облысында Кеңес Одағының Батырлары мен Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің есімдерін көшелерге беру жұмыстары басталды. Бұл — тарихи жадыны сақтау және ел азаматтарының ерлігін ұрпақ санасына сіңіру мақсатындағы жалпыреспубликалық бастаманың бір бөлігі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 08 Маусым, 2025
Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады Egemen.kz.
Өндіріс • 08 Маусым, 2025
Натрий цианидін өндіретін зауыттың екінші кезеңі басталды
Жамбыл облысында натрий цианидін өндіретін жаңа зауыттың екінші кезеңін іске асыру бойынша жұмыс атқарылып жатыр. Кәсіпорын толық қуатында жұмыс істеген кезде жаңа жұмыс орындары ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz
Алматы • 07 Маусым, 2025
Қырғызстанда болған жер сілкінісі Алматыға дейін жетті
Бүгін таңда Қырғызстан аумағында жер сілкініп, қуаты Алматыға дейін сезілді, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 06 Маусым, 2025
Көктемгі егіс жұмыстары толық аяқталды
Мемлекеттік қолдау шараларының, диқандар мен жергілікті әкімшіліктің үйлесімді жұмысының арқасында Қазақстанда биыл егіс дер кезінде жүргізіліп, толық аяқталды, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 06 Маусым, 2025
Мәжіліс төрағасы Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Ерлан Қошановтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы Мәжілістің Telegram арнасында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 05 Маусым, 2025
Жоғарғы Сот: Шерзат ісі бойынша сотталушылардың кінәсі толық дәлелденді
Бүгін Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Шерзат Полатты өлтіру, Нұрғанат Гаипбаевты өлтіруге оқталу, бұзақылық, ұрлық және жасалған қылмыс туралы хабарламау айыптары бойынша 9 адамға қатысты үкім шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 05 Маусым, 2025
Шерзат ісі: Д.Жақсыгелді мен Э.Нұрбекованың кінәсінің бар-жоғы қосымша қарастырылады
Бүгін Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша үкім жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 05 Маусым, 2025
Жетісайлық диқандар қарбыздың алғашқы өнімін жинады
Түркістан облысында көкөніс пен бақша дақылдарының алғашқы өнімдері жинала бастады. Жетісай ауданының диқандары мамырдың соңғы күндерінде алғашқы қарбыздарын жинап, жөнелтуге кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Маусым, 2025
Павлодар мұнай зауытында сутегі қондырғысы салынады
Құны 101,8 млн еуро болатын жоба «Жасыл дәліз» мемлекеттік бастамасы аясында жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 04 Маусым, 2025
Жетісуда жас дарындар марапатталды
Аймақ оқушылары халықаралық және республикалық зияткерлік байқауларда 70-тен астам жүлде иеленді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Маусым, 2025
Оңтүстіктегі шаруаларға 2,5 млрд текше метрден астам су берілді
Суару маусымы басталғалы Түркістан облысында су алу мөлшері - 1,3 млрд текше метрді құрап, 276 мың гектар жер суарылған. Қызылорда облысында су алу 950 млн текше метрді құрады. Суарудың жалпы ауданы 105 мың гектарға жеткен, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Маусым, 2025
Алматыда сәбилерді сату схемасы анықталды
Алматы қаласында бірнеше жыл бойы әлеуметтік желілер арқылы жаңа туған сәбилерді заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Маусым, 2025
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 04 Маусым, 2025
Өштескен көршісін өлтіріп тынған
Бүгін Петропавлдың «Борки» шағын ауданында сағат таңғы 10.00 кезінде кісі өлімі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Маусым, 2025
Қарағанды облысында ірі өндірістің құрылысы басталды
«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында алюминий және биметалл жылыту радиаторларын шығаратын жоғары технологиялық және экологиялық зауыт салынып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 03 Маусым, 2025
Заңсыз айналымнан 200 килоға жуық есірткі заттары тәркіленді
Түркістан облысында биылдың 4 айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 139 дерегі анықталған (2024 жылы – 280). Заңсыз айналымнан 198 кило 527,60 гр есірткі заттары тәркіленіп, екі бірдей фитозертхананың қызметі тоқтатылған. Тәркіленген заттар ішінде, синтетика есірткі заты, гашиш, марихуана, көкнәр сабаны, кокаин бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Маусым, 2025
Ертіс орманына найзағай түсіп, өрт шықты
Павлодар облысы аумағындағы қарағайлы орманға 14 жерден жай оты түскен. Өрт сөндіруге 150 адам мен 46 техника жұмылдырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 03 Маусым, 2025
Шерзат Полат ісі бойынша үкім шығатын күн белгілі болды
Бүгін Талдықорғанда Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі сот процесінде төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақов үкім 5 - маусым, сағат 16: 00-де жарияланатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Экспорт • 03 Маусым, 2025
Күнбағыс майы – Қазақстанның жаңа экспорттық әлеуеті
Бүгін Алматыда Майлы дақылдарды қайта өңдеушілер Ұлттық қауымдастығының мұрындық болуымен IV халықаралық «FOC 2025: Fats and Oils Conference» мәжілісі өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 03 Маусым, 2025
Түркияда 5,8 балдық жер сілкінісі тіркелді
Магнитудасы 5,8 балл болған жерасты дүмпуі Мұғла провинциясында, әсіресе Мармарис қаласына жақын аумақта қатты сезілген, деп хабарлайды Egemen.kz TRT Haber басылымына сілтеме жасап.
Қазақстан • 03 Маусым, 2025
Отандық өнімнің үлесі артып келеді
Отандық өнімнің үлесінің артуы – металлургия, жеңіл өнеркәсіп және электроника салаларында байқалып отыр. Тауарлардың ішкі өндірісінің ұлғаюы нәтижесінде импорттық өнімдер біртіндеп ауыстырылады, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 03 Маусым, 2025
Түркиядағы жер сілкінісінен бір адам қаза тапты
Түркияның Мәрмәр теңізі жағалауында орналасқан Мұғла қаласында жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат 2:17-де магнитудасы 5.8 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz TRT Haber телеарнасына сілтеме жасап.
Аймақтар • 02 Маусым, 2025
Түркістан облысында «Қарасора-2025» басталды
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленовтың төрағалығымен өңірдің полиция департаментінде «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасының ресми ашылуы өтіп, оған ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басшылығы, департаменттің жедел құрылым қызметкерлері және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған кеңестің мүшелері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 01 Маусым, 2025
Ордабасы ауданында жылына 14 мың тонна ұн өнімдерін өндіретін кәсіпорын іске қосылады
Ордабасы ауданы Бөржар ауылында жылына 14 мың тонна ұн өнімдерін өндіретін кәсіпорынның құрылысы жүріп жатыр. TOO «Keruen Products» өндірістік бірлестігі макаронның 10 түрін және тез дайындалатын кеспе түрлерін шығарып, 120 адамды тұрақты жұмыспен қамтымақ, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.