Аймақтар • Бүгін, 17:01

Жамбыл облысындағы зілзала салдарынан 2 үйге зақым келген

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев фейзбук әлеуметтік желісінде хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Жамбыл облысындағы зілзала салдарынан 2 үйге зақым келген

Фото: freepik

«8 шілдеде сағат 14:30-да жер сілкінісі тіркелді, оның тербелісі Жамбыл облысының бірқатар елді мекенінде сезілді. Зардап шеккендер жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша Т. Рысқұлов ауданындағы Құлан ауылында бір жеке тұрғын үйдің (1970 жылы саман кірпіштен салынған), сондай-ақ аудандық мұрағат ғимаратының (1934 жылы салынған) сыртқы қабырғалары мен төбесіне шамалы зақым келген. Абай ауылдық округінде тағы бір жеке тұрғын үй (1979 жылы саман кірпіштен тұрғызылған) аздап зардап шекті.

Меркі және Т.Рысқұлов аудандарында жедел штаб құрылды. Коммуналдық нысандар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Әлеуметтік нысандар зардап шеккен жоқ. Инфрақұрылым нысандарына зақым келгені туралы дерек тіркелмеді.

Арнайы комиссиялар оқиға орындарында жұмыс жүргізіп жатыр, нысандарды қарап, олардың жағдайына баға берілуде», делінген өңір басшысының жазбасында.