
Фото: pexels
Токара аралдар тобына кіретін Акусэки мен Кодакара аралдарында тұратын 60-тан астам адам 5,5 магнитудалы жер сілкінісінен кейін шілде айының басында эвакуацияланған.
NHK World-Japan хабарлауынша, сейсенбі таңындағы жағдай бойынша Токара аралдарында магнитудасы 1 және одан жоғары 2046 жер сілкінісі тіркелген.
Жергілікті билік тұрғындарды аралдарға қайтару туралы өтініштерді бес күн қатарынан 4 баллдан жоғары жер сілкінісі тіркелмеген жағдайда ғана қарастырады. Kyodo мәліметінше, 4 баллдық жер сілкінісі жаяу жүрген адамдардың көпшілігіне сезіледі.
Бұған дейін жүргізілген зерттеу нәтижесінде, осы аймақтағы екі шағын аралдың сейсмикалық белсенділіктің әсерінен небәрі үш күн ішінде бір-бірінен шамамен 10 сантиметрге жылжығаны анықталған.