Фото: Ашық дереккөз
Мамандардың дерегіне сүйенсек, оқиға 27 сәуір күні Гринвич уақытымен 23:05-те тіркелген.
Жер сілкінісінің эпицентрі 41.35° солтүстік ендік пен 84.08° шығыс бойлықта орналасқан.
Сейсмологиялық параметрлер бойынша магнитудасы mb=5, ал энергетикалық класы K=12.2 болған. Жер сілкінісінің ошағы 22 шақырым тереңдікте жатқан.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ. Мамандар жағдайды бақылауда ұстап отыр.