Ақ
Оқиға • 28 Мамыр, 2024
Су тасқыны: Қанша отбасы өтемақы алды?
Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқынынан кейін қанша отбасы біржолғы ақшалай өтемақы алғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 28 Мамыр, 2024
БҚО-да 3 жыл бойы ақша жымқырып келген әкімдік есепшісі сотталды
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының прокуратурасы Көктерек ауылдық округі әкімдігінде 7 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған есепшінің ісін әшкереледі, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Мамыр, 2024
Еліміздің су қоймаларына 12 млрд текше метрден астам тасқын суы жиналды
Биылғы су тасқыны кезінде Қазақстанның су қоймаларына 12 млрд текше метрден астам су жиналды. Жиналған су экономика қажеттіліктері үшін пайдаланылады. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2024
Құлсарыда 11 мыңға жуық тұрғын баспанасын қалпына келтіру үшін өтемақы алды
Құлсарыда мобильді топтар үйлерді аралау барысында 2 583 тұрғын үйді бағалау және техникалық тексеру қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысы бойынша жедел штабқа сілтеме жасап.
Қазақстан • 27 Мамыр, 2024
Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен Үкімет жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Президент • 27 Мамыр, 2024
Президент Түрікменстанның Сыртқы істер министрін қабылдады
Қазақстан Президенті Астанаға ресми сапармен келген Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередовті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап
Қылмыс • 27 Мамыр, 2024
Қонақ үй кассасынан ақша ұрлап кеткен елордалық ұсталды
Астанада қонақ үй кассасынан 1 млн 52 мың теңге ұрланды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бокс • 27 Мамыр, 2024
Лиценциялық турнир: Қазақстан боксшысы жеңіске жетті
Бүгін Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан Париж Олимпиадасына іріктеу турнирінде отандасымыз Римма Волосенко қарсыласын ұтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Мамыр, 2024
«Үйге кіріп, саусақ іздерін алуды сұрайды». ІІМ алаяқтықтың жаңа түріне қатысты үндеу жолдады
Ішкі істер министрлігі өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырып жүрген бір топ адамға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық спорт • 27 Мамыр, 2024
«Сәйгүлікті құйрық-жалы таралған, Сүйетұғын қазақ осы, қараңдар» деп жырлапты Қадыр Мырза-Әлі. Расында, қазақ жылқы десе, ішкен асын жерге қоятыны жасырын емес. Кейінгі жылдары мемлекет бұл салаға ерекше назар аударып отыр. Соның нәтижесінде Ұлы далада еркін тебіндеген жылқылардың саны артып келеді.
Әлем • 27 Мамыр, 2024
АҚШ-та торнадодан 11 адам қаза тапты
АҚШ-тың Техас, Оклахома және Арканзас штаттарында дауыл соғып, 11 адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz Аljazeera агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға • 27 Мамыр, 2024
«Саламатты Қазақстан» дәрігерлері Құлсары тұрғындарына көмек көрсетті
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 28 мамырды қоса алғанда Құлсары тұрғындарына тегін қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
Экономика • 27 Мамыр, 2024
Елімізде инвестициялық кіріс шамамен 517,6 млрд теңгеге жетті
2024 жылдың 4 айында Қазақстан азаматтарының таза инвестициялық кірісі шамамен 517,6 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 48,6 млрд теңгеге немесе 10,4% артық, деп хабарлайды Egemen.kz «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығына сілтеме жасап.
Тағайындау • 27 Мамыр, 2024
Мәдениет және ақпарат вице-министрі тағайындалды
Үкімет қаулысымен Айзада Амангелдіқызы Құрманова Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Мамыр, 2024
«2 автобуста 22 бала болған»: Полицейлер қайғылы оқиғаның алдын алды
Ақмола облысында патрульдік полицейлер трассада болуы ықтимал қайғылы оқиғаның алдын алды. Патрульдік полиция батальонының командирі Азамат Ахметовтың айтуынша, жазғы лагерден қайтқан 22 бала отырған екі шағын автобус 23 мамырда Бурабай ауданынан шыққан. Оқушылар қауіпсіздігі үшін колоннаны облыстық батальонның 4 взводының қызметкерлері Бүркіт Алшынбаев пен Рыспек Қабдрашев еріп жүрген, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz мәліметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 26 Мамыр, 2024
Ақмола облысындағы ауылды су басып қалды
Толассыз жауған жаңбырдың салдарынан Целиноград ауданының Қоянды ауылында 2 жеке тұрғын үй мен 20 аула аумағы су астында қалды, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 25 Мамыр, 2024
Елімізде бір отбасы жылына 75 мың теңгесін мейрамхана мен дәмханаға жұмсайды
Қазақстан халқының тапқан табысы көбінесе мейрамхана мен дәмханада тамақтануға кетеді. Бір отбасы сырттан ас ішуіне жылына кемі 75 мың теңге жұмсайды, деп жазады Egemen.kz.
Тарих • 25 Мамыр, 2024
Ақкөл қаласында Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткіші ашылды
Бүгін Ақмола облысы Ақкөл қаласында Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Мамыр, 2024
Академик Төрегелді Шарманов өмірден өтті
95 жасында Қазақ тағамтану академиясының президенті, белгілі нутрициолог Төрегелді Шарманұлы Шарманов дүниеден озды. Қайғылы қазаны Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ресми бөлім • 24 Мамыр, 2024
Бүгін ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында жасөспірім қыздарға медициналық қызмет көрсету және фертильді жастағы әйелдермен акушерлік-гинекологиялық қызметтің жұмысы мәселелері қаралды. Ерекше назарда – ауылдық елді мекендердің тұрғындары, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Мамыр, 2024
Қазақстан-Ресей: Сенаторлар стратегиялық әріптестікті нығайта түсті
Сенат Төрағасының орынбасары Жақып Асанов пен депутаттар Ольга Булавкина, Ернұр Әйткенов, Сергей Ершов, Нурия Ниязова, Талғат Жүнісовтер Парламент Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 21-ші отырысына қатысты. Кездесуге қатысушылар жан-жақты ынтымақтастықты өрістету, тарихи естелік пен мәдени мұраны сақтаумен қоса мәдени-гуманитарлық саланы жетілдіру, сондай-ақ екі елдің туризм және спорт саласындағы байланыстарын дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 24 Мамыр, 2024
Су тасқыны: Малынан айырылған құлсарылықтарға өтемақы төленді
Жылыой ауданының Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі тұрғындардан келіп түскен 101 өтініш негізінде мал шығынын өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Мамыр, 2024
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур ректорларының форумына қатысты
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур ректорларының «Ғылым мен жоғары білім саласындағы әріптестіктің жаңа шыңы» атты форумына қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев форум қатысушыларына ілтипат білдіре отырып, білім мен ғылымды дамыту еліміздегі мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы саналатынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 24 Мамыр, 2024
Қазақстанда ең үлкен зейнетақы мөлшері қандай?
2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша БЖЗҚ-да алушы салымшылардың жеке және шартты шоттарында шамамен 19 трлн теңге жиналды. Бір жыл ішінде зейнетақы жинақтары 3,3 трлн теңгеден астамға немесе 21,1%-ға өсті. Бұл туралы БЖЗҚ баспасөз орталығы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 24 Мамыр, 2024
Денсаулық сақтау министрлігі жазғы лагерьлердегі қауіпсіздікті қамтамасыз етеді
Балалардың демалысына қойылатын негізгі талаптар жарияланды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жазғы балалар лагерлеріндегі қауіпсіздікті қадағалауға уәде берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Мамыр, 2024
Қазақстанда ЕО елдеріне арналған халықаралық цифрлық дәліз іске қосылды
Транскаспий халықаралық көлік бағыты жолы Қытай арқылы өтеді. ҚТЖ Транскаспий халықаралық көлік бағыты аясында цифрлық дәліздің іске қосылғаны туралы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 24 Мамыр, 2024
Украина ірі алаяқтық жасады деген күдіктіні Қазақстанға экстрадициялады
Бүгін Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Украинадан аса ірі көлемде алаяқтық жасаған күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында экстрадициялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 24 Мамыр, 2024
Маусым айында төрт өңірде құрғақшылық болады - Қазгидромет
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, маусым айында еліміздің 4 облысында құрғақшылық болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 24 Мамыр, 2024
Жел, найзағай, үсік: Еліміздің барлық облысында ескерту жарияланды
Бүгін республиканың барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Өңірлерде жел соғып, найзағай ойнайды. Ал кейбір облыста үсік жүруі ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 23 Мамыр, 2024
Сенатор әйелдерге арналған білім беру орталықтарын қолдауға шақырды
Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында әйелдерге арналған білім, ақпараттық-консультация беру орталықтарын қолдауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.