Туризм • 07 Шілде, 2024

Астанадан Миланға тікелей рейстер ашылды

99 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияның NEOS әуе компаниясы Астанадан Миланға рейстер ашады, деп жазады Egemen.kz.

Астанадан Миланға тікелей рейстер ашылды

Алғашқы ұшақ Қазақстанның астанасынан 8 шілдеде ұшады.

Астана әуежайының мәліметінше, рейстер Boeing 787 Dreamliner ұшағымен орындалады.

- Екі астана арасында тікелей әуе қатынасының пайда болуы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстар мен туризмді дамытуға септігін тигізеді, – делінген хабарламада.