Оқиға • 09 Шілде, 2024

Көкшетауда жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетауда хабар-ошарсыз кеткен 33 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінген азаматты ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көкшетауда жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды

Фото: freepik.com

Ақмола облысының Полиция департаменті аталған оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Күдікті анықталып, ұсталды. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды», делінген ведомство ақпаратында.