Аймақтар • 05 Шілде, 2024

Ақмола облысында зейнеткер 1690 теңге қарызы үшін жарықсыз қалған

105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысының егде жастағы тұрғыны үйде электр қуатынсыз қалғанына шағымданған. Зейнеткердің 1 690 теңге көлемінде берешегі бар екені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысында зейнеткер 1690 теңге қарызы үшін жарықсыз қалған

Фото: pxhere

«Жергілікті тұрғын Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкіліне жүгініп, электр қуатын қосуға көмек сұраған. Өтініш беруші жалғыз тұрады. Зейнеткер еңбек ардагері, сондай-ақ II топтағы мүгедек екені көрсетілген», делінген омбудсменнің желідегі парақшасында.

Маусым айының соңында ол өзінің пәтерінде электр қуатын өшірген жергілікті электр желісінің қызметкерлерімен тілдескен. Алайда зейнеткердің жарықты өшірмеу туралы өтініші еленбей қалыпты.

Уәкіл өкілі энергия желісінің басшысына қоңырау шалып, өтініш берушінің 1 690 теңге көлемінде берешегі бар екенін анықтады.

Зейнеткер қарызын өтеп, оған айыппұлсыз электр қуаты қосылды.