Олимпиада • 04 Шілде, 2024

Париж-2024: Қазақстанның Туын кімдер алып шығады?

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасары Азат Имашев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Париж-2024: Қазақстанның Туын кімдер алып шығады?

Фото: aikyn.kz

Париж Олимпиадасы салтанатында Қазақстанның Туын алып шығу міндеті боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафроноваға табысталған.

Шымбергенов – бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны, әлем чемпионы (2023 жыл) және Азия чемпионы (2022 жыл). Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысады. 

Сафронова Азия чемпионатында (2017) және Азия ойындарында (2014) жеңіске жеткен. 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында бақ сынаған. 

Еске салайық, Париж Олимпиадасы осы айдың 26-сы басталады. Еліміздің еншісінде 25 спорт түрінен 88 жолдама бар.