Аймақтар • 04 Шілде, 2024

Қарақұрт шаққан: Атырау облысында қырылған түйе саны 63-ке жетті

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында қарақұрт шаққаннан қырылған малдың саны артты, деп хабарлайды Egemen.kz orda.kz-ке сілтеме жасап.

Қарақұрт шаққан: Атырау облысында қырылған түйе саны 63-ке жетті

Фото: globallookpress.com

Қазіргі уақытта Индер, Исатай, Құрманғазы аудандарында 397-ге жуық түйе зардап шеккен. Оның 217-сі емделсе, 117-сі ем алып жатыр, 63-і қырылды.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі: «Ауру малдың дене қызуы көтеріліп, иммунитеті төмендеп, қаны сұйылады. Ауру және өлген жануарлардан сынамалар алынып, ветеринарлық зертханаға жіберілді», деп хабарлады.

Мал иелеріне қарақұрт мекендейтін жерлерде мал бағуға болмайтыны ескертілді. Ауру мал туралы дереу хабарлануы керек екені және барлық күтім ережелерін сақтау қажеттігі айтылды.