«Таза Қазақстан» • 04 Шілде, 2024

Алматы облысында Байынқол өзенінің арнасы тазартылды

84 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматы облысында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы жалғасып жатыр. Бүгінде облыс тұрғындары туған өлкені абаттандыруға белсенді қатысып жүр, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Алматы облысында Байынқол өзенінің арнасы тазартылды

Фото: Алматы облысының әкімдігі

Бүгінгі экологиялық іс-шараларға Алматы облысының жүздеген тұрғыны жиналды, олардың арасында жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қоғамдық ұйымдар, белсенділер мен еріктілер де бар.

Акцияның басты мақсаты - қоршаған ортаны таза және көрікті ету, экологиялық мәселелерді басты назарға алып, табиғатты қорғау.

Жамбыл ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында жастар, кәсіпорын қызметкерлері мен аудан тұрғындарының қатысуымен Қарғалы өзенінің жағалауында тазалық жұмыстары жүргізіліп, айналасы қоқыстан тазартылды. Аталған іс-шараға жүздеген тұрғын қатысып, өзен жағалауының тазаруына үлес қосты.

Жыл басынан бері «Таза Қазақстан» акциясы аясында 7 мыңнан астам адамның, 369 кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің қатысуымен 100 аула, 65 көпқабатты тұрғын үй, 44 жеке тұрғын үй, 14 саябақ пен алаң, 7 тарихи мәдени ескерткіш, 211 әлеуметтік нысан, 8 өнеркәсіп және бизнес объектісі, 155 шаршы метр өзен жағалауы мен 121 метр арық бойы тазаланып, 9 жүк көлігінің тасымалдауымен 15 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

Жоғарыда аталған ауданда 29 маусым күні 1 569 адамның, 64 кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің қатысуымен 11 аула, 9 көпқабатты тұрғын үй, 3 саябақ пен алаң, 4 тарихи мәдени ескерткіш, 65 әлеуметтік нысан, 5 өнеркәсіп және бизнес объектісі, 35 шаршы метр өзен жағалауы және 27 метр арық бойы тазаланып, 9 жүк көлігінің тасымалдауымен 3 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

Райымбек ауданы Нарынқол ауылдық округінің тұрғындары Байынқол өзенінің арнасын тазарту бойынша сенбілікке шықты. Экологиялық іс-шараға 50-ден астам адам қатысты, тазарту жұмыстарына 1 самосвал, 1 трактор жұмылдырылды.

щ

Райымбек ауданында жыл басынан бері «Таза Қазақстан» акциясы аясында 24 000 адам, кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің қатысуымен 467 аула, 1000 жеке тұрғын үй, 11 саябақ пен алаң, 42 тарихи мәдениет ескерткіші, бизнес нысандары, өзен жағалауы мен арықтың 286 700 шаршы метрі тазаланып, 185 жүк көлігінің тасымалдауымен 310 тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылды.

Акция соңында қатысушыларға ашық ауада флэшмоб ұйымдастырылды, оған әр түрлі тақырыптағы үш команданың жарыстары кірді. Бұл іс-шараларға 150-ден астам адам қатысты. Қорытындысы бойынша қатысушыларға сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ бұл өңірлерде экологиялық сауатты арттыру және қоғамдық орындарда тазалықты сақтау мақсатында «Тазалық сақтайық» атты челлендж ұйымдастырылды.

«Таза Қазақстан» республикалық акциясына мемлекеттік мекемелер мен жеке ұйымдар, шаруа қожалықтары, жастар, волонтерлік және үкіметтік емес ұйымдар, мәслихат депутаттары тартылды. Облыс бойынша барлығы 450 мың адам қатысты, 850-ден астам ескерткіш пен мұражай тазартылды, 19 506 тонна қоқыс шығарылды, 45 мыңнан астам ағаш пен бұталар отырғызылды, 2304 бірлік мамандандырылған техника тартылды. Облыстың 340 мың оқушысының қатысуымен «Өз ағашыңды отырғыз» акциясы ұйымдастырылды.

щ