П
Қазақстан • 23 Шілде, 2025
Елімізде алғаш рет спортшыларды даярлаудың ғылыми моделі енгізілді
Бұған дейін оқыту тек мектептердегі дене шынықтыру пәніне бағытталған «Дене шынықтыру» мамандығы шеңберінде жүргізілсе, енді жаттықтырушы, әдістеме, оңалту, инклюзивті және цифрлық спорт бағыттарын қамтитын арнайы бағдарламалар іске қосылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 23 Шілде, 2025
Жәбірленуші Перизат Қайраттың анасын үйқамаққа ауыстыруды ұсынды
Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс бойынша өткен сот отырысында жәбірленуші Садық Олжас мәлімдеме жасап, айыпталушыға Газа секторындағы тұрғындарға көмек көрсету үшін 83 миллион теңге бергенін растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Логистика • 23 Шілде, 2025
Жүргізушісіз жүк көліктері жолға шығады
Қазақстан мен Қытай шекарасында жүргізушісіз жүк көліктері қатынайтын жаңа жүйе іске қосылды. Бұл – «Бақты» – «Покиту» шекаралық өткізу бекетінде жүзеге асырылып жатқан «Ақылды кеден» пилоттық жобасының нәтижесі. Енді жүк көліктері шекараны автоматты түрде, яғни жүргізушісіз кесіп өтетін болады, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 23 Шілде, 2025
Қытай сағатына 600 км жылдамдықпен жүретін пойыз жасап жатыр
Аспан асты елінің астанасы Бейжіңде CRRC компаниясы MODERN RAILWAYS 2025 көрмесінде 600 км/сағ дейінгі жылдамдықпен жүретін маглев пойызын көпшіліктің назарына ұсынды. Сөйтіп, болашақтағы жоғары жылдамдықты тасымалдарға инновациялық шешімдерді көрсетіп, таныстырды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 23 Шілде, 2025
АҚШ пен Жапония арасында жаңа сауда келісімі орнады
АҚШ президенті Дональд Трамп Жапониямен жаңа сауда келісіміне қол жеткізілгенін жариялады. Оның айтуынша, бұл келісім аясында жапон тауарларына 15 пайыздық баж салығы енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz BBC-ге сілтеме жасап.
Президент • 23 Шілде, 2025
Қ.Тоқаев Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдел Фаттах Ас-Сиси мен оның отандастарын Мысыр Араб Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Руханият • 22 Шілде, 2025
«Оян, қазақ!» ізімен» экспедициясы жолға шықты
Арқалық қаласындағы облыстық «Дала өлкесі тарихы» музейінің қызметкерлері Алаш арысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған «Оян, қазақ» ізімен…» атты жолсапарға шықты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Шілде, 2025
Ақтөбеде мотокөліктер мен мопедтерге тексеріс жүргізілді
Шілде айында Ақтөбе облысында мотокөлік және мопед жүргізушілеріне қатысты рейдтік тексерістер кезінде 200-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталған, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 22 Шілде, 2025
Полиция Қытайдан оралған азаматпен профилактикалық әңгіме өткізді
Полиция қызметкерлері жақында Қытай Халық Республикасынан оралған қазақстандық азаматпен алдын алу және түсіндіру бағытындағы әңгіме жүргізді. Бұл шара әлеуметтік желілерде кеңінен таралған бейнероликтерге байланысты қолға алынды, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 22 Шілде, 2025
Жетісуда 2,2 тонна жем-шөп дайындалады
Жетісу облысында биыл 2,2 млн тонна жем-шөп дайындау жоспарланып отыр. Оның ішінде 1,2 млн тонна шөп, 341 мың тонна сабан, 117 мың тонна пішендеме, 203 мың тонна сүрлем және 307 мың тонна жемдік астық қамтылмақ, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 22 Шілде, 2025
Ресеймен шекарадағы «Сырым» өткізу пункті уақытша жабылады
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Ресей Федерациясымен шекарадағы маңызды нысандардың бірі – «Сырым» өткізу пунктінде күрделі жөндеу және жаңғырту жұмыстары басталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 22 Шілде, 2025
Трамптың жаңа салық заңы АҚШ-тың бюджет тапшылығын күрт арттыруы мүмкін
АҚШ Конгресінің бюджеттік басқармасы президент Дональд Трамптың жуырда қабылдаған салық және шығындар жөніндегі заң жобасы 2034 жылға дейін федералдық бюджет тапшылығын 3,4 триллион долларға ұлғайтады деп болжады, деп хабарлайды Egemen.kz FOX4-ке сілтеме жасап.
Заң • 22 Шілде, 2025
Ұлытау облысында қаржылық пирамиданы ұйымдастырушы сотталды
Жезқазған қаласының тұрғыны 22 азаматқа жалпы сомасы 27 млн теңге шығын келтірген, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 22 Шілде, 2025
Биыл президент стипендиясы қалай бөлінді
2025 жылға арналған Қазақстан Республикасы Президентінің стипендияларын бөлу тәртібі бекітілді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 16 мамырдағы бұйрығында көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Шілде, 2025
Министр балаларға арналған фэнтези мен комикстерді көбейтуді ұсынды
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Айқын» басылымына берген сұхбатында еліміздегі кітап шығару ісінің жай-күйі мен кітап оқуға баулу мәселелеріне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Шілде, 2025
Сотта Перизат Қайраттың анасына тиесілі шығын жазбалары жария етілді
Перизат Қайрат ісі бойынша сот отырысында жарыссөз барысында прокурор Арман Казекен Ғайни Алашбаеваның (Перизат Қайраттың анасы) телефонынан нақты сома көрсетілген қызықты жазбалар табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 22 Шілде, 2025
«Апорт» алмасын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр
«Апорт» алмасының сортын қалпына келтіруге бағытталған жүйелі жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2024 жылы басталғаны мәлім. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың тапсырмасымен 2025-2028 жылдарға арналған аталған алма сортын қайта жаңғырту жөніндегі Жол картасының жүзеге асырылуына мониторинг жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Шілде, 2025
«Бағанашыл» балалар үйіне тексеру жүргізіледі
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің комиссиясы Алматы қаласындағы «Бағанашыл» балалар үйінің қызметіне қатысты жағдайға байланысты жан-жақты және объективті қызметтік тергеу жүргізу мақсатында аталған мекемеге барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 22 Шілде, 2025
КуПС - «Қайрат» матчы тікелей эфирден көрсетіледі
Бүгін алматылық «Қайрат» футбол клубы сырт алаңда Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізеді, деп жазады Egemen.kz
Әлем • 22 Шілде, 2025
Жапонияда рекордтық көрсеткіш: 42 әйел депутат сайланды
Жапонияның Кеңесшілер палатасына сайлауда 42 әйел депутат сайланып, 2022 жылы тіркелген бұрынғы рекордты жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz Kyodo News агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға • 22 Шілде, 2025
Алматылық дәрігер Сингапурдан келген альпинисті құтқарып қалды
Сонау Сингапурдан келген турист қыз Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы Сәтпаев шыңына көтерілген кезде зақым алғаны туралы Алматы қалалық құтқару қызметінің ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Шілде, 2025
ҚР жаңа паспортына қар барысының бейнесі енгізіледі
Қазақстан Республикасы паспортының жаңа үлгісінде қар барысының бейнесі пайда болады. Бұл туралы Үкімет отырысында ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, министр міндетін атқарушы Бауыржан Әленов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 22 Шілде, 2025
Қазақстандықтарды шетелде жұмысқа орналастыратын агенттіктердің жұмысы бақыланады
Премьер-министр Олжас Бектенов бүгінгі Үкімет отырысында осы қызмет айналысатын агенттіктерді лицензиялауды ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 22 Шілде, 2025
Перизат Қайрат кінәсін мойындамады - прокурор
Астана қаласында өтіп жатқан сот процесінде Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша тараптардың жарыссөзі кезінде айыпталушының жабық отырыста берген кейбір жауаптары жария етілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 22 Шілде, 2025
Прокурор Перизат Қайратқа 10 жыл жаза тағайындауды сұрады
Бүгін Астанада Перизат Қайратқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Жарыссөз сатысында прокурор жазаны жеңілдететін мән-жайлар көрмей отырғанына назар аударды, деп жазады Egemen.kz.
Мектеп • 22 Шілде, 2025
471 көшбасшы үздік мектептерде тағылымдамадан өтіп жатыр
Президенттік жастар кадрлық резервінің үлгісімен 2023 жылдан бері «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жаңа форматтағы басшыларды іріктеу және даярлау бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Шілде, 2025
Елімізде 2030 жылға дейін жаңа көші-қон саясаты әзірленеді
Қазақстанда көші-қон үдерістері тұрақты оң көрсеткіштерге ие. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді. Ол 2023–2027 жылдарға арналған көші-қон саясаты тұжырымдамасының жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Министрдің айтуынша, құжатты іске асыру аясында республикада оң көші-қон сальдосы сақталып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кітапхана • 22 Шілде, 2025
Кітапханалар цифрлық трансформация үдерісін бастап кетті – Аида Балаева
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «AIQYN» басылымына берген сұхбатында елдегі мәдени инфрақұрылым мен кітапхана саласында жүргізіліп жатқан өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Хоккей • 22 Шілде, 2025
«Барысты» Евгений Королев жаттықтырады
«Барыс» хоккей клубы негізгі құрамның жаттықтырушылар штабына өзгеріс енгізетінін мәлімдеді. Бұл шешім өткен маусымдағы қанағаттанарлықсыз спорттық нәтижелерге байланысты қабылданған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 22 Шілде, 2025
Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатына кімдер қатысады
30 шілде - 12 тамыз аралығында Таиландтың Бангкок қаласында бокстан жастар арасында Азияның үздіктері анықталады, деп жазады Egemen.kz.