Қоғам • Бүгін, 13:12

ҚР жаңа паспортына қар барысының бейнесі енгізіледі

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы паспортының жаңа үлгісінде қар барысының бейнесі пайда болады. Бұл туралы Үкімет отырысында ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, министр міндетін атқарушы Бауыржан Әленов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

ҚР жаңа паспортына қар барысының бейнесі енгізіледі

Фото: Ашық дереккөз

Бауыржан Әленовтың айтуынша, Ішкі істер министрлігі ұлттық паспорттың қорғалу деңгейін арттыру бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.

«Бүгінде Қазақстан азаматтары 43 елге визасыз бара алады. Біздің паспорт барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және қажетті қорғаныс элементтерімен жабдықталған. Қазір қосымша қорғаныс деңгейлерін енгізу мәселесі қарастырылып жатыр», деді ол.

Министр міндетін атқарушының баяндамасы кезінде жаңа паспорттың бейнесі көрсетілген презентация ұсынылды. Онда жиі мемлекеттік рәміздерде, спорт клубтарының эмблемаларында және түрлі ұйымдардың логотиптерінде бейнеленетін қар барысының суреті көрініс тапқан.