Оқиға • Бүгін, 15:45

Сотта Перизат Қайраттың анасына тиесілі шығын жазбалары жария етілді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Перизат Қайрат ісі бойынша сот отырысында жарыссөз барысында прокурор Арман Казекен Ғайни Алашбаеваның (Перизат Қайраттың анасы) телефонынан нақты сома көрсетілген қызықты жазбалар табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сотта Перизат Қайраттың анасына тиесілі шығын жазбалары жария етілді

Фото: Ашық дереккөз

Жарыссөз барысында прокурор Ғани Алашбаеваның телефонынан 2023 жылдың 16 тамызындағы кейбір жазбаларды оқып берді.

«37 миллион теңге - машина, 5 миллион теңге - тіс емдеу, 10 миллион теңге - Турцияға барып емделіп келу, 3 миллион теңге БАД алып ішу, 10 миллион теңге - қыдыру, 3 миллион теңге - фэншуй, 1 миллион теңге - бадзы оқу, 2 миллион теңге - офлайн бару қыдыру және сол уақытта 3 миллион теңгеге киім алу , 3 миллион теңге білезік ақ алтын бриллиант», деп оқып берді прокурор.

Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, Перизат Қайрат өзіне және анасына осындай ірі көлемдегі шығындарға мүмкіндік берген қаржының шығу көзін сенімді түрде түсіндіре алмаған.

«Ол тек Астана мен Біріккен Араб Әмірліктерінде пәтер сату және ет өнімдерін өткізумен байланысты табыс жайлы дәлелденбеген уәждер келтірді. Алайда сотқа нақты растайтын мәліметтер ұсынылмады», деді прокурор.