
Фото: Ашық дереккөз
Айта кетейік, бұған дейін Трамп егер тараптар мәмілеге келмесе, 1 тамыздан бастап Жапонияға 25 пайыздық баж салығын енгізетінін айтып, ескерту жасаған болатын.
«Жаңа ғана Жапониямен үлкен мәміле жасадық, бұл тарихтағы ең ірі келісім болуы мүмкін», деп жазды Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Трамптың айтуынша, жаңа келісім аясында Жапония АҚШ-қа 550 миллиард доллар көлемінде инвестиция салатын болады. Сондай-ақ ол АҚШ бұл келісімнен пайданы 90 пайыз көлемінде алатынын мәлімдеді, алайда қосымша мәліметтерді ұсынбады.
Өз кезегінде Жапонияның премьер-министрі Сигэру Исиба Трамптың мәлімдемесіне қатысты пікір білдіруден бас тартқан. Ол алдымен келісімнің нақты мазмұнымен танысу қажет екенін айтты.
«Келіссөз қорытындыларын бағалауға келетін болсақ, біз келіссөздер мен келісімнің егжей-тегжейлерін мұқият зерттемейінше, оны талқылай алмаймын», деді Исиба Токиода өткен баспасөз мәслихатында.