
Фото: Президент әкімшілігі
Комиссия мүшелері балалар үйінің тәрбиеленушілерімен, басшылығымен, қызметкерлерімен және білім беру жүйесінің өкілдерімен кездесті.
Тексеру барысында Президент Әкімшілігінің өкілдері мекемедегі тәрбиеленушілердің тұру және оқу жағдайымен танысып, балалар үйінің инфрақұрылым нысандарын аралаған. Қазіргі уақытта мекемені көшіру туралы шешімге байланысты құжаттарды жинау және талдау жұмыстары жүріп жатыр.
Балалар үйіндегі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қатысты әлеуметтік және құқықтық кепілдіктердің сақталуына ерекше назар аударылатын болады.
Айта кетейік, тексеру жұмыстары балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау басымдығы негізінде жүргізіліп жатыр.