
Фото: Azattyq Rýhy
Қаржылық мониторинг агенттігі «Biz Birgemiz Qazaqstan - 2030» қорының басшысы болған Перизат Қайрат пен анасы 3,5 млрд теңге жымқырғанын анықтаған еді.
Сот барысында куәгерлер мен жәбірленушілерден жауап та алынған еді.
Осы жайттарды ескерген прокурор Перизат Қайратты - 10 жыл, анасы Ғайни Алашбаеваны - 8 жылға бас бостандығынан және айыпталушыларды мал-мүлкінен айыруды сұрады.
Сот ертең жалғасады. Ертеңгі күні жәбірленушілер мен олардың өкілдері өз ұстанымдарын айтады.