
Бүгін сот отырысында үшінші эпизод - Қазақстандағы су тасқынына қатысты жиналған қаржыны жымқыруға қатысты куәгерлерден жауап алынып жатыр.
Сот барысына куәгер ретінде қатысып жатқан Каспий банктың бас заңгері Айдар Ксембаев 2024 жылдың 5 сәуірінде су тасқынан зардап шеккендерге көмек беру үшін «Biz Birgemiz Qazaqstan» қоғамдық бірлестігінің басшысы 120 млн теңге және 8 сәуір күні 500 млн теңге қаржы қажет екенін айтып аталған банктен ақша аударуды сұрағанын айтты.
Каспий банк басшылығы хатқа жауап ретінде қорға 1 күнде 120 млн және бөлек операциямен 500 млн теңге аударған.
Банк өкілі сол тұста шұғыл көмек қажет болғандықтан келісімшартсыз-ақ қаржы аударылғанын мәлімдеді.
2024 жылдың 1 шілдесінде Перизат Қайрат Каспий банкке алғыс хатын жолдап, графика арқылы қаржының басым бөлігі, яғни 423 млн теңгенің қайда жұмсалғаны туралы есеп те берген.