ұлытау
Референдум • Кеше
Ұлытау облысында өндіріс саласының қызметкерлері дауыс берді
Ұлытау өңірінде өткен референдумда түрлі сала өкілдері белсенділік танытып, өз азаматтық позицияларын білдіру үшін учаскелерге келді. Солардың қатарында өндіріс, кәсіпорын саласының қызметкерлері мен жұмысшылары да бар, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • Кеше
Ұлытау облысының әкімі дауыс берді
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков республикалық референдум аясында өз таңдауын жасап, дауыс берді, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • Кеше
Референдум: Ұлытау облысында 127 учаске жұмысын бастады
Учаскелер қажетті материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етіліп, дауыс беруді ұйымдастыруға барлық жағдай жасалған. Референдумды өткізу үшін облыста 6 аумақтық және 127 учаскелік комиссия жұмыс істейді. Комиссиялардың құрамында барлығы 845 адам бар, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 13 Наурыз, 2026
Жезқазғанда жаңа Конституцияны қолдауға арналған форумға мыңға жуық жас жиналды
Ұлытау облысының орталығы Жезқазған қаласындағы «Жігер» спорт кешенінде алдағы референдумды қолдауға арналған «Әділетті әрі прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» атты форум өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 08 Наурыз, 2026
С.Қожамқұлов атындағы Ұлытау облыстық қазақ музыкалық-драма театрында Халықаралық әйелдер күніне арналған «Адамзаттың асылы − ана деген...» атты мерекелік кеш өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 27 Ақпан, 2026
Ұлытауда Конституциялық реформаның мәні мен маңызы талқыланды
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековтің төрағалығымен «Әділетті Конституция – қуатты мемлекет» атты жиын өтті. Кездесу барысында Конституциялық реформаның мәні мен маңызы жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Ақпан, 2026
Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды
Ұлттық банктің Ұлытау облысындағы филиалы жұмысын 2022 жылы қыркүйекте бастады. Филиал валютаны реттеу мен бақылау, айырбастау операцияларын лицензиялау, валюта келісімшарттарын тіркеу, сондай-ақ өңірде ақша-кредит саясатын жүргізу қызметтерін атқарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Ақпан, 2026
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Жезқазған қаласында байдарка мен каноэда ескек есушілерді даярлайтын жаңа спорт мектебі пайдалануға берілді. Заманауи талаптарға сай салынған қос қабатты ғимаратта спортшылардың жан-жақты дайындалуына барлық жағдай қарастырылған. Мұнда теориялық сабақтарға арналған оқу сыныптары, жаттығу залдары, жуыну және киім ауыстыру бөлмелері жабдықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Ақпан, 2026
Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
19 ақпан сағат 16:00-де ауа райының нашарлауына байланысты Ұлытау және Қызылорда облыстарындағы республикалық маңызы бар тасжолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп жазады Egemen.kz.
Инвестиция • 16 Ақпан, 2026
Ұлытау облысында инвестициялық жобалар талқыланды
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Оңтүстік Кореяның «Microbus» компаниясының бас директорымен кездесті. Кездесу барысында өңір аумағында бірқатар стратегиялық маңызы бар инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлары таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2026
Ұлытауда «Сағаттар сыры» көрмесі ашылды
Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейінде ұйымдастырылған «Сағаттар сыры» көрмесі көрерменге жол тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Ақпан, 2026
Ұлытау облысында өңірлік коалиция құрылды
Ұлытау облысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалиция жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Ақпан, 2026
Сәтбаевта қалың қар жауды: Жол тазалауға қанша техника жұмылдырылды?
Өткен жылы Сәтбаев қаласында қоқыс шығару бойынша біраз мәселе туындаған. Биыл 1 қаңтардан бастап қоқыс жинаумен айналысқан «Сәт-Тазалық» компаниясымен келісімшарт тоқтатылды. Жаңа мердігер – «Ұлытау эко сервис» анықталды. Компания бірден жұмысқа кірісіп, күшейтілген режимде қызмет көрсетуге кірісті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 11 Ақпан, 2026
«Ауыл аманаты»: Ұлытауда шаруаларға жеңілдетілген несие беріледі
Өңірде «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыруға республика бюджетінен 1,2 млрд теңге бөлінді. Қазір өтінім қабылдау жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Ақпан, 2026
Баубек Бұлқышев пен Мұқан Иманжановтың шығармашылығына арналған кеш өтті
Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасында көрнекті қаламгерлер Баубек Бұлқышев пен Мұқан Иманжановтың туғанына 110 жыл толуына арналған «Ұлытаудың ұландары – қазақ рухының қырандары» атты рухани-танымдық кеш өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Ақпан, 2026
Ұлытауда «Қазақмысқа» жұмысқа орналастырамын деп халықты тақырға отырғызғандар ұсталды
Ұлытау облысында жұмыс іздеген азаматтардың сеніміне кіріп, қалтасын қаққан алаяқтардың әрекеті әшкере болды. Өңірдің өндірістік алыбы – «Қазақмыс» корпорациясына жұмысқа орналастырамын деген жалған уәдеге сенген тұрғындар миллиондаған теңгесінен айырылып, бармақ тістеп қалды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Ақпан, 2026
Жасөспірімдерді жаман әдеттен қалай қорғаймыз?
Жезқазған жоғары политехникалық колледжінде «Заң және тәртіп» қағидасы аясында жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Жасөспірімдер арасында нашақорлық, лудомания, алкоголизм, буллинг және суицидтің алдын алу профилактикасы» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге 1-2 курс студенттерінен құралған 160 студент қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көрме • 23 Қаңтар, 2026
Төрегелді Шармановтың есімі туған жерінде ұлықталды
Ұлытау облысы, Жезді кентіндегі М.Төрегелдин атындағы тау-кен және балқыту ісі музейінде көрнекті ғалым, ұлт саулығы үшін аянбай еңбек еткен академик Төрегелді Шармановқа арналған «Ұлт саулығының ұлы жолында: Академик Т.Шармановқа тағзым» атты жылжымалы көрменің таныстырылымы өтті. Тағылымды көрмені Ұлытау аудандық тарихи-өлкетану музейі ұйымдастырды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қаңтар, 2026
Ұлытауда 48 жылдық тарихы бар музей заман талабына сай жаңартылды
Қаңтар айының ортасында Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейінің жөндеу жұмыстарынан кейін заман талабына сай жаңартылған экспозициялық залдарының және жаңа екі залдың таныстырылымы өтті. Іс-шараға облыс және қала мекеме басшылары мен қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2026
Жезқазғанда Мәдениет үйінің жөндеу жұмыстарына 300 млн теңге бөлінді
«AMANAT» партиясы Ұлытау облыстық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы мен партия филиалы жанындағы «Miras» азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі аймақтық кеңестің бірлескен көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 13 Қаңтар, 2026
Ұлытау облысында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында семинар өтті
Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп: қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың рөлі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинар-кездесу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Қаңтар, 2026
Ұлытау облысында жоғалған үш адам табылды
Ұлытау облысы аумағында жоғалып кеткен үш ер адам аман-есен табылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2025
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазақ бард әншісі Қорабай Есенов биыл «Парасат» орденімен марапатталғанда, бала кезден бергі досы, «Құрметті спорт қызметкері» Бейбіт Қасенов қатты қуанғанын білеміз.
Шаруашылық • 30 Желтоқсан, 2025
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Үкімет отырысында өңірдің 2025 жылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 24 Желтоқсан, 2025
Ұлытауда үздік спортшылар марапатталды
Ұлытау облысында бұқаралық спортты дамытуға елеулі үлес қосып жүрген сала мамандары мен спортшылардың еңбегі еленді. Салтанатты іс-шарада өңірдің спорт саласындағы жыл үздіктері марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Желтоқсан, 2025
Кеңгір ауылы газға қосылып, таза ауыз сумен қамтылды
Ұлытау облысының Кеңгір ауылында көгілдір отынды ресми іске қосу рәсімі өтті. Аталған маңызды инфрақұрылымдық жоба нәтижесінде елді мекендегі 442 тұрғын үй мен жеті әлеуметтік нысан табиғи газға қосылу мүмкіндігіне ие болды. Ұзындығы 25 шақырымды құрайтын газ тарату желілерінің құрылысы биылғы сәуір айында басталып, қысқа мерзімде толық аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2025
Дастан Рыспеков Жезқазған-Қызылорда жолын қайта жаңғырту жұмыстарын тексерді
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Жезқазған–Қызылорда бағытындағы республикалық маңызы бар автожолда жүргізіліп жатқан қайта жаңғырту жұмыстарының қарқынын бақылап, нысандағы мердігер мекемелердің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2025
Ұлытау облысында өрт кезінде балаларды құтқарған полиция қызметкерлері марапатталды
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің бұйрығымен Ұлытау облысында өрт кезінде үш баланы құтқарған патрульдік қызмет взводының инспекторы Әсет Әбдуақитов және Ұлытау облысы ПД-ның Сәтбаев қалалық полиция бөлімінің патрульдік қызмет взводының инспекторы Нұрболат Нұрғабыл «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2025
Талдысай ауылына интернет байланысы қосылды
Ұлытау облысы, Ұлытау ауылдық округіне қарасты Талдысай елді мекенінде Jusan Mobile компаниясының қолдауымен One Web спутниктік жүйесі орнатылып, Wi-Fi интернет желісі іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 04 Желтоқсан, 2025
Үкімет Жезқазғандағы су мәселесін шешуге қомақты қаржы бөлді
Үкімет резервінен Ұлытау облысының сумен жабдықтау инфрақұрылымын жаңғыртуға 1,8 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Қаражат Жезқазған қаласының шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауды аяқтауға жұмсалады, деп жазады Egemen.kz.