Қоғам • 04 Қаңтар, 2026

Ұлытау облысында жоғалған үш адам табылды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлытау облысы аумағында жоғалып кеткен үш ер адам аман-есен табылды, деп жазады Egemen.kz.

Ұлытау облысында жоғалған үш адам табылды

3 қаңтардан 4 қаңтарға қараған түні Бостұмсық ауылы маңында 1997, 1972 және 1968 жылы туған үш азаматты іздеуге ауқымды іздестіру-құтқару операциясы ұйымдастырылды. Олар жылқыларды іздеуге шығып, белгіленген уақытта оралмаған.

Іздеу жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігінің, жергілікті атқарушы органдар мен полиция департаментінің күштері жұмылдырылды. Жолдың күрделі жағдайына байланысты құтқарушылар қар басқан жолдарды қолмен аршып, іздеу топтарының алға жылжуына жағдай жасаған. Сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараты пайдаланылды.

Бес сағатқа созылған іздеу нәтижесінде жоғалғандар Қаракеңгір ауылынан шамамен 30 шақырым қашықтықтағы дала аумағынан табылды. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар