Сонымен қатар, Кеңгір ауылы тұрғындарына Есқұла жер асты су көзінен таза ауыз су берілді.
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков жергілікті халықты қуанышты жаңалықпен құттықтап:
«Қазіргі уақытта газдандыру жобасы аясында Жезқазған және Қаражал қалаларында, сондай-ақ Атасу мен Жәйрем кенттерінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал Ұлытау ауылы, Жезді кенті және Сәтбаев қаласы бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар мемлекеттік сараптамаға енгізілді. Көгілдір отын өңіріміздегі экологиялық ахуалды жақсартып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді», деп атап өтті облыс әкімі.
Ұлытау облысында 2030 жылға дейінгі өңірлік схема шеңберінде тоғыз елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарланған.
Жақында Үкіметтің қолдауымен Қаражал қаласы мен Жәйрем кентін газдандыруға қосымша 2,4 млрд. теңге бөлінді.
Жоспарланған инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асуы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырып қана қоймай, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді.
Ұлытау облысы