Иран
Саясат • 13 Наурыз, 2026
Иран Дубайдағы Халықаралық қаржы орталығына соққы жасады
Дубайдағы Халықаралық қаржы орталығының ғимараттарына ирандық ұшқышсыз аппарат соққы жасағаны туралы ақпарат тарады. Nour News агенттігі жариялаған кадрларда қала үстіне қою түтін көтерілгені байқалады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 13 Наурыз, 2026
Иранның жаңа рухани жетекшісінің жараланғаны расталды
Иран Сыртқы істер министрлігі елдің жаңа жоғарғы рухани жетекшісі Моджтаба Хаменеи жараланғаны туралы ақпаратты растады. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Эсмаил Багаи мәлімдеді. Оның айтуынша, аятолланың өміріне қазіргі кезде қауіп жоқ, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 13 Наурыз, 2026
Трамп Иран құрамасының Әлем чемпионатына қатысуын орынсыз деп бағалады
АҚШ президенті Дональд Трамп Иран футбол құрамасының алдағы Әлем чемпионатына қатысуын орынсыз деп бағалады. Биыл жазда өтетін турнир АҚШ, Канада және Мексикада ұйымдастырылады. Алайда Иран құрамасының жарысқа қатысатыны немесе қатыспайтыны жөнінде ФИФА тарапынан ресми шешім әлі жарияланбады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 11 Наурыз, 2026
Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
8 наурыз күні Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Иран Ислам Республикасының президенті телефон арқылы сөйлескен. Нәтижесінде Әзербайжан тарабы Иранға гуманитарлық көмек жөнелткен, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 11 Наурыз, 2026
Өз елінің әнұранын орындамай қойған Иран әйелдер құрамасы мүшелерінің тағдыры не болды?
Аустралияда әйелдер арасындағы Азия кубогіне қатысып жатқан Иран ұлттық құрамасының құрамындағы бір ойыншы елден баспана алу ұсынысын қабылдамай, туған еліне қайтып баруға шешім қабылдады. Бұл туралы Аустралияның Ішкі істер министрі жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 11 Наурыз, 2026
Ирандағы соғыста 150 америкалық әскери жараланды
АҚШ пен Иранның он күннен бері жалғасып жатқан соғыста 150-ге жуық америкалық әскери жараланған. Бұл туралы Reuters агенттігі жариялады. Бұған дейін Пентагон тек 8 адам ауыр жарақат алғанын ғана ресми түрде жариялаған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 11 Наурыз, 2026
Иран Ормұз бұғазына миналар орната бастады
Иран Ормұз бұғазына теңіз миналарын орната бастаған. Бұл туралы америкалық барлау деректеріне сүйенген CBS News пен CNN хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, Тегеран бұғазда ондаған мина орналастырып үлгерген және тағы жүздегенін қоюы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 10 Наурыз, 2026
«Бір литр де мұнай шықпайды»: Иран Ормұз бұғазын толық бақылауға алды
Иран Қарулы күштері Ормұз бұғазындағы жағдайды толық бақылауда ұстап отырғанын және қарсыластарына мұнай экспорттауға жол бермейтінін жеткізді. Бұл туралы Ислам революциясы сақшылары корпусының (ИРСК) өкілі Сардар Наини мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 10 Наурыз, 2026
Ираннан «қышқыл бұлттар» келеді деген ақпаратқа қатысты «Қазгидромет» жауап берді
Әлеуметтік желілерде Иран аумағының үстінде «қышқыл бұлттар» пайда болып, олар Орталық Азия елдеріне жетуі мүмкін деген ақпарат тарады. «Қазгидромет» мамандары жүргізген бақылауға сәйкес жағдайды растамады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 09 Наурыз, 2026
Иранның ядролық нысанына соққы жасалды
Иранның Исфахан провинциясындағы ядролық нысан АҚШ пен Израильдің соққысына ұшырады. Бұл туралы Иранның ISNA ақпарат агенттігі елдің Ядролық қауіпсіздік ұлттық орталығының мәліметіне сүйене отырып хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 06 Наурыз, 2026
Әзербайжан Иранмен арадағы жүк тасымалын уақытша тоқтатты
Әзербайжан үкіметі Иранмен шекарада жүк көліктерінің, соның ішінде транзиттік тасымалдың қозғалысын уақытша тоқтатты. Бұл туралы елдің Министрлер кабинеті ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 05 Наурыз, 2026
Мәулен Әшімбаев Иран халқына көңіл айтты
Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Мәулен Әшімбаев Иранның Қазақстандағы елшілігіне барып, қайғылы оқиғалар салдарынан аталған елдің рухани көшбасшысының және бейбіт тұрғындардың қайтыс болуына байланысты Иран халқына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 05 Наурыз, 2026
Әзербайжандағы дрондар шабуылынан екі адам зардап шекті
Әзербайжанның Сыртқы істер министрлігі ел аумағына жасалған ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылына қатысты ресми мәлімдеме жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 05 Наурыз, 2026
Иран президенті көрші елдерге үндеу жасады
Иран Президенті Масуд Пезешкиан елдегі ахуалға байланысты көрші елдерге үндеу тастады. Ол үндеуінде өңірдегі тұрақтылықты сақтау және шиеленісті ушықтырмау үшін дипломатиялық жолмен барлық мүмкіндіктерді қарастыруға тырысқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Наурыз, 2026
Таяу Шығыс елдерінен бүгінге дейін қанша азамат жеткізілді?
Көлік министрлігі Таяу Шығыс елдерінен елге жеткізілген азаматтардың нақты саны жөнінде ақпарат жариялады. 4 наурыздан 5 наурызға қараған түні Қазақстанға Air Astana және Flydubai әуе компаниялары 5 рейс жасаған. Осы рейстермен елге 851 жолаушы келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Наурыз, 2026
Таяу Шығыстағы шиеленіс: Air Astana рейстерді тоқтату мерзімін ұзартты
Таяу Шығыстағы саяси ахуалдың ушығуына байланысты Air Astana бірқатар халықаралық бағыттар бойынша шектеулерді ұзартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 05 Наурыз, 2026
Иранның дроны Әзербайжан аумағына құлады: Шекараға әскер топтастырылып жатыр
Нахчыван әуежайының аумағында ирандық дрон құлағаны туралы ақпарат тарады. Бұл оқиғаға қатысты кадрларды APA агенттігі Telegram арнасында жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 05 Наурыз, 2026
АҚШ-тың Ирандағы мектепке жасалған шабуылға қатысы бар ма?
Ақ үй өкілдері АҚШ тарапынан бейбіт тұрғындарға соққы жасалмағанын мәлімдеді. Олар Минаб қаласында болған трагедияның мән-жайы зерттеліп жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 05 Наурыз, 2026
Иранда жұмыс істеп жүрген 34 отандасымыз эвакуацияланды
Қазақстанның Армениядағы елшілігінің көмегімен Ирандағы Заркух алтын өндіру кәсіпорнында жұмыс істеп жүрген 34 азаматымыз Арменияға эвакуацияланды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 05 Наурыз, 2026
Түркия президенті Иран зымыранының жойылуына қатысты пікір білдірді
Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Иран аумағынан елдің әуе кеңістігіне қарай ұшырылған баллистикалық зымыранға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Наурыз, 2026
SCAT әуе компаниясы Маскаттан 314 жолаушыны елге жеткізді
SCAT Airlines әуе компаниясы DV5361 рейсін Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша рейсті сәтті орындады. Boeing 767 әуе кемесімен Қазақстанға 314 жолаушы жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 04 Наурыз, 2026
Депутат Ирандағы балалардың тағдырына алаңдаушылық білдірді
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Айна Мусралимова қақтығыс салдарынан зардап шегіп жатқан Ирандағы балалалардың тағдырына алаңдаушылық білдіріп, оған қатысушы тараптарды парасаттылық танытып, балалар мен аналардың амандығы үшін бейбіт келіссөздерді мүмкіндігінше тезірек бастауға шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 04 Наурыз, 2026
Ормұз бұғазындағы шектеулер отандық ауыл шаруашылығына қалай есер етеді?
Әлемде география саясаттан да, экономикадан да ықпалды болатын жағдай кездеседі. Соның бір айғағы – Ормұз бұғазы. Бұл тар теңіз өткелі жай ғана көлік дәлізі емес. Мұнда энергия, химия өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы тізбектері түйіседі. Сондықтан Ормұздағы кез келген тұрақсыздық тек мұнай бағасын ғана емес, тыңайтқыш пен азық-түлік құнын да бірге қозғай алады, деп жазады Egemen.kz.
Сауда • 04 Наурыз, 2026
Ирандағы жағдай сауда қатынастарына қалай әсер етеді?
Былтыр еліміз Иранға бидай экспорттау жұмыстарын табысты аяқтаған болатын. Ал Ирандағы геосаяси жағдай сауда қатынастарына әсер етуі мүмкін. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Наурыз, 2026
Иран төңірегіндегі шиеленіс: Мұнай бағасы ай басынан бері шамамен 24%-ға өсті
Иран төңірегіндегі қақтығыстың өршуі салдарынан мұнай бағасы барреліне 83,7 долларға жетті. Айдың басынан бері шамамен 24%-ға жуық өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 04 Наурыз, 2026
Түркия Иран азаматтарының елге кіруіне уақытша тыйым салды
Түркия ирандықтардың елге кіруін уақытша шектейтінін хабарлады. Бұл тыйым басқа елдердің азаматтарына қатысты қолданылмайды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 04 Наурыз, 2026
Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы сайланды
Иранда елдің жаңа жоғарғы көшбасшысы болып Моджтаба Хаменеи сайланды. Бұл шешімді конституциялық өкілетке ие Сарапшылар кеңесі қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 04 Наурыз, 2026
Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 946 отандасымыз аман-есен жеткізілді
Көлік министрлігі 4 наурыз күні Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан азаматтары мінген ұшақтар ел әуежайларына келіп қонғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 04 Наурыз, 2026
Мысыр бағытындағы рейстер тоқтай ма? «Scat» әуе компаниясы ресми мәлімдеме жасады
«SCAT» Airlines әуе компаниясы Таяу Шығыстағы әскери қақтығысқа байланысты «Мысырға ұшатын рейстердің тоқтатылуы мүмкін бе?» деген туристерді алаңдатып отырған сауалға жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 03 Наурыз, 2026
Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан 13 рейс тоқтатылды
Таяу Шығыста жүрген қазақстандықтар елге әуе кеңістігі толық қауіпсіз деп танылғаннан кейін ғана қайта алады. Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.