Әлем • Бүгін, 16:43

Израиль Иранның Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қаза тапқанын мәлімдеді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Израильдің Қорғаныс министрі Исраэль Кац Иранның жоғары қауіпсіздік қызметінің хатшысы Әли Лариджанидің  әскери соққы нәтижесінде қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Израиль Иранның Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қаза тапқанын мәлімдеді

Фото: reuters

Сонымен қатар Израиль армиясы тағы бір соққы барысында «Басидж» ұйымының әскери құрылымдарының командирі Голамреза Сулейманидің де қаза болғанын хабарлады.

«Лариджани мен Басидж командирі түнде жойылды. Премьер-министр Беньямин Нетаньяху және мен Израиль Қорғаныс күштеріне Ирандағы террор және репрессиялық режимнің жетекшілерін іздеуді жалғастыруды тапсырдық», деді Кац мәлімдемесінде.

Путин АҚШ-тың Ирандағы операциясына таңданыс білдірді

Министр Израиль әуе күштері мен барлау қызметінің операцияға қатысқан қызметкерлерін мақтады. Алайда Иран ресми түрде Лариджани мен Сулейманидің қазасын растамады.

Иранның жаңа рухани жетекшісінің жараланғаны расталды

Соңғы жаңалықтар