Фото: Depositphotos.com
Axios басылымының мәліметінше, тараптар екі кезеңнен тұратын жоспарды қарастырып жатыр. Бірінші кезеңде 45 күнге уақытша бітім жариялау ұсынылады. Осы мерзім ішінде тараптар түпкілікті бейбіт келісімнің шарттарын келісуге тиіс. Қажет болған жағдайда бұл мерзімді ұзарту мүмкіндігі де қарастырылған.
Ал екінші кезеңде қақтығысты толық аяқтауға бағытталған кешенді келісімге қол қою көзделеді.
«Тегеран енді бұрынғыдай болмайды»: Израиль мен АҚШ Иранға соққы жасады
Дереккөздердің мәліметінше, соңғы күндері АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі Иранға бірнеше ұсыныс жолдаған. Алайда Иран тарапы әзірге олардың ешқайсын қабылдамаған.
Сарапшылар алдағы 48 сағат ішінде келісімге қол жеткізу ықтималдығын төмен деп бағалап отыр.
Еске салайық, 4 сәуірде Дональд Трамп Иранға келісім жасау үшін 48 сағат уақыт берілгенін, әйтпесе «қатаң соққы жасалатынын» мәлімдеген еді. Өз кезегінде Тегеран бұл ультиматумды қабылдамай, АҚШ басшысына қатаң жауап қататынын жеткізді.
«Алдағы 2-3 аптада Иранға жойқын соққы жасаймыз»: Трамп соғыстың қашан аяқталатынын айтты