Экономика • Бүгін, 15:07

Еліміздегі мұнай нысандарының қауіпсіздік деңгейі қандай?

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов еліміздің мұнай нысандары Иран тарапынан жасалуы мүмкін шабуылдардан қаншалықты қорғалғаны туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздегі мұнай нысандарының қауіпсіздік деңгейі қандай?

Вице-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта мұнай нысандарындағы жұмыс ырғағы бұзылмаған және барлық процестер қалыпты тәртіпте жүріп жатыр. Әсіресе, экспорттың негізгі күре тамыры саналатын құбыр желілері мен жүйенің жұмысына ешқандай кедергі келтірілмеген.

«Әртүрлі сценарийлер консорциумға қатысушы барлық тараппен бірге қарастырылып жатыр. Қазақстан өз мүмкіндіктері аясында барлық міндеттемесін орындап келеді. Сонымен қатар транзит елдер мен энергия ресурстарын тұтынушы мемлекеттер де тиісті шараларды қабылдауда. Барлық тарап процестің үздіксіз жүруіне мүдделі», деді вице-министр.

Қазақстанда жаңа алты мұнай кен орны анықталды

Сонымен қатар вице-министр геосаяси қатерлерге байланысты нысандардың қауіпсіздігін нығайту бойынша нақты қандай әскери немесе техникалық шаралар қабылданып жатқаны туралы сауалға да жауап берді. Ол нысандарды әскери тұрғыдан қорғауға қатысты ақпараттың мемлекеттік құпия екенін, сондықтан оның егжей-тегжейі жарияланбайтынын айтты. 

Еске сала кетейік, 29 қарашада Астана уақытымен 06:06-да Новороссийск порты ауданында КҚК-ның теңіз инфрақұрылым нысандарына шабуыл жасалған еді. Нәтижесінде теңіздегі қашықтағы айлақ қондырғысы ВПУ-2 (қалқымалы тиеу құрылғысы) айтарлықтай зақымдалды.

Соңғы жаңалықтар