Фото: https://www.aa.com.tr/ru
Ақ үйде сөйлеген сөзінде Трамп «Эпикалық ашу» операциясы аясында қойылған міндеттердің басым бөлігі орындалғанын атап өтті. Ол АҚШ-тың әскери мақсаттарды қысқа мерзімде толық аяқтауға жақын екенін жеткізді.
Президент егер келісімге қол жеткізілмесе, Ирандағы электр станцияларына соққы жасалуы мүмкін екенін ескертті. Оның сөзінше, негізгі мақсат – нәтижеге тез жету.
Сонымен қатар ол Израиль, Сауд Арабиясы және бірқатар Парсы шығанағы елдеріне қолдау көрсетуді жалғастыратынын айтты.
Ормұз бұғазы мәселесіне қатысты Трамп АҚШ бұл бағыттағы мұнайға тәуелді емес екенін, сондықтан оның қауіпсіздігін сол арқылы мұнай алатын елдер қамтамасыз етуі тиіс екенін атап өтті.
Оның айтуынша, АҚШ-та мұнай қоры Ресей мен Сауд Арабиясынан да көп, ал елдің негізгі бағыты – одақтастарға қолдау көрсету.