Оқиға • Бүгін, 10:32

Алматы облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады

1 мин
оқу үшін

Алматы облысында болған авиациялық оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Жеңіл ұшақ бұталардың арасына қонуға мәжбүр болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады

видеодан алынған скриншот

Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген видеолар тарады. Мәліметке сәйкес, кадрлар Алматы облысындағы Талдыбұлақ – Қаракемер аумағында түсірілген. Сондай-ақ оқиға болған маңда ешқандай әуежай орналаспағаны айтылды.

Қазақстанның Көлік министрлігі аталған жағдайға байланысты тексеру басталғанын мәлімдеді.

«Ан-2 әуе кемесімен (тіркеу нөмірі UP-A0091) болған жағдай адам шығыны жоқ авиациялық оқиға ретінде тіркелді. Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаменті барлық мән-жайды анықтайды», деп хабарлады ведомство.

Мән-жайды анықтау үшін  оқиға орнына арнайы маман жіберілген.

Еске салайық, Әзербайжан мен Ресей 2024 жылғы желтоқсанда Ақтау маңында болған ұшақ апаты бойынша келісімге келді.

АҚШ-тың Айдахо штатында өткен әуе шоуы кезінде екі жойғыш ұшақ соқтығысты.

Соңғы жаңалықтар

Фотоөнер кімге керек?

Өнер • Бүгін, 12:07