Министрлік өкілі Моджтаба Хаменеи жараланғанын растағанымен, оның жағдайы тұрақты екенін жеткізді.
Айта кетейік, Моджтаба Хаменеи 8 наурыз күні Иранның жоғарғы рухани жетекшісі қызметіне сайланған еді. Ол елдегі ең жоғары саяси және діни билік иесі саналады. Бұл қызмет Иранның мемлекеттік құрылымында шешуші рөл атқарады. Жоғарғы жетекші қарулы күштердің бас қолбасшысы ретінде де танылған.
Бұған дейін америкалық New York Times басылымы ирандық ресми тұлғаларға сілтеме жасап, жаңа жетекшінің жараланғанын хабарлаған. Газет дерегіне қарағанда, Моджтаба Хаменеи Израиль мен АҚШ тарапынан жасалған шабуылдың алғашқы күнінде жарақат алған.
Ақпарат көздері оның қауіпсіздік шаралары күшейтілген аймақта болғанын және шабуыл кезінде жараланғанын айтады. Дегенмен нақты қандай жағдайда жарақат алғаны туралы ресми мәлімет толық жарияланған жоқ.
Сарапшылардың пікірінше, бұл жағдай Таяу Шығыстағы ахуалдың күрделене түскенін көрсетеді. Соңғы күндері аймақтағы әскери және саяси шиеленіс күшейіп, бірнеше елдің қатысуымен жаңа геосаяси текетірес белгілері байқала бастады.
Иран билігі әзірге оқиғаға қатысты толық мәлімет таратқан жоқ. Алайда ресми тұлғалардың айтуынша, елдегі басқару жүйесінің тұрақтылығына қауіп жоқ және жоғарғы жетекшінің жағдайы бақылауда.
Трамп Иран құрамасының Әлем чемпионатына қатысуын орынсыз деп бағалады