Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
4340 материал табылды

Президент • 16 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды

Мемлекет басшысы  өңірдегі агроөнеркәсіп кешенінің дамуымен танысып, әлеуметтік нысандарды аралап көреді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға • 16 Қыркүйек, 2025

Елімізде некеге мәжбүрлеу мен адам ұрлауға қатысты заң өзгереді

16 қыркүйектен бастап елімізде некеге мәжбүрлеу және адам ұрлауға байланысты қылмыстық заңнамаға маңызды өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Әлем • 16 Қыркүйек, 2025

Малайзиядағы көшкіннен 11 адам қаза тапты

Малайзияның Борнео аралының солтүстігіндегі Сабах штатында ұзаққа созылған нөсер жауын салдарынан болған көшкіннен кем дегенде 11 адам қаза тауып, бірнеше адам хабар-ошарсыз кеткен,  деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2025

Қарағандыда жаңа медициналық пункт ашылды

Шет ауданының Еңбекшіл ауылында елге қайтарылған заңсыз активтер есебінен жаңа медициналық пункт ашылды. Заманауи жабдықталған нысан 200-ден астам тұрғынға қызмет көрсетіп, шұғыл жағдайларда аудандық аурухананың реанимобиль көлігін пайдалануға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет • 15 Қыркүйек, 2025

Электр мопедтері мен самокаттарға қатысты жаңа шектеулер енгізіледі

Үкіметтің кезекті отырысында электр мопедтері мен самокаттарды қолдану мәселесіне назар аударылды. Олжас Бектеновтің айтуынша, мұндай көліктер қоғамдық транспортқа түсетін жүктемені азайтқанымен, жол қозғалысы ережелерін сақтамау салдарынан тұрғындарға қолайсыздық туғызып, қауіпсіздікке қатер төндіріп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Үкімет • 15 Қыркүйек, 2025

Бектенов әкімдіктерге қауіпті жол учаскелерін дереу реттеуді жүктеді

Үкімет отырысында жол қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі мәселесі талқыланды. Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Жолдауында бұл тақырыпты халықтың өмірі мен денсаулығына тікелей әсер ететін аса маңызды бағыт ретінде айқындағанын еске салды. Дегенмен қабылданып жатқан шараларға қарамастан, елде жол-көлік апаттарының саны мен адам шығыны азаймай отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Үкімет • 15 Қыркүйек, 2025

«Банктер туралы» жаңа заң 2026 жылға дейін қабылданады

Үкімет отырысында Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары қаралды. Құжат 87 іс-шарадан тұрады. Оның негізгі бағыттары туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 15 Қыркүйек, 2025

Таразда жасөспірім сыныптасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Қайғылы оқиға бүгін таңертең  № 47 орта мектепте болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 2011 жылы туған жасөспірім мектеп дәретханасында сыныптасымен төбелесіп, жарақат алған. Басқа оқушылар оны үйіне алып кеткен, бірақ ол жедел жәрдем келгенше қайтыс болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент • 15 Қыркүйек, 2025

Президент Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысын қабылдады

Мемлекет басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII cъезіне қатысу үшін Астанаға арнайы келген Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исамен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спорт • 15 Қыркүйек, 2025

Ауыр жарақат алған Темірлан Анарбеков алдағы ойындарға қатыспайды

Алматылық «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбековтің төменгі жақ сүйегі сынып, алдағы ойындарда алаңға шыға алмайды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Яндекс.Метрика