Фото: Ашық дереккөз
Астана қаласында 29 қазанда бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік бағыттағы желдің жылдамдығы 3–8 м/с. Түнде ауа температурасы –2…–4°С, күндіз +11…+13°С шамасында болады.
30 қазанда да жауын-шашынсыз, күн ашық болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, жылдамдығы 5–10 м/с. Түнде –0…–2°С, күндіз +13…+15°С.
31 қазанда күн бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, кей уақытта екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +2…+4°С, күндіз +12…+14°С жылы.
Алматы қаласында 29 қазанда бұлтты, таңертең және күндіз аздаған жаңбыр жауады. Жел батыстан, 3–8 м/с. Түнде +7…+9°С, күндіз +15…+17°С.
30 қазанда түнде жаңбыр жауады, күндіз бұлт сейіледі. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Түнде +7…+9°С, күндіз +15…+17°С.
31 қазанда жауын-шашынсыз, күн ашық болады. Жел шығыстан 3–8 м/с. Түнде +8…+10°С, күндіз +17…+19°С.
Шымкент қаласында 29 қазанда ауыспалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Түнде +8…+10°С, күндіз +19…+21°С.
30 қазанда жауын-шашынсыз, жылы күн күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Түнде +8…+10°С, күндіз +23…+25°С.
31 қазанда күн бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Жел солтүстік-батыстан 8–13 м/с, кей жерлерде екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +9…+11°С, күндіз +24…+26°С жылы.