Президент • 28 Қазан, 2025

Ақордада Финляндия Президентін қарсы алу рәсімі өтті

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ақорда» резиденциясында Финляндия Президенті Александр Стуббты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақордада Финляндия Президентін қарсы алу рәсімі өтті

Фото: Ақорда

Бұл – Александр Стуббтың Президент ретінде елімізге алғашқы ресми сапары. Мемлекеттер басшылары бұған дейін БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында Нью-Йоркте кездесті.

Суоми Қазақстан экономикасына 2005 жылдан бері жарты миллиард долларға жуық инвестиция салған.