Энергетика • Бүгін, 10:40

Қазақстанда 2029 жылға қарай электр тапшылығы жойылады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміз алдағы төрт жылда энергетика саласын айтарлықтай күшейтіп, 2029 жылға қарай электр энергиясы бойынша толық қамтамасыз етілген әрі экспортқа әлеуеті бар мемлекетке айналуды көздеп отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда 2029 жылға қарай электр тапшылығы жойылады

Фото: istockphoto.com

Энергетика министрлігінің дерегінше, 2029 жылға дейін елдің энергетикалық жүйесін нығайту мақсатында жалпы қуаты 6,7 ГВт болатын 68 жоба іске асырылмақ. Министр Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, өткен жылы 770 МВт-тан астам жаңа энергия қуаты қосылған. Оның 608 МВт-ы дәстүрлі көздерден, ал 163 МВт-ы  жаңартылатын энергия көздерінен (ЖЭК) алынған.

2025 жылға белгіленген 621 МВт-тың 166-сы дәстүрлі энергия көзі, ал 9 нысан – ЖЭК. 2027 жылы шамамен 1 500 1 500 МВт көлемінде жаңа қуат іске қосылады, оның 573 МВт-тық 13 ЖЭК объектісі іске қосу қарастырылып отыр. Ал 2028 жылы 2 мың МВт-тан астам қуаттылықты, оның ішінде 245 МВт 3 жаңартылатын энергетика нысанын пайдалануға беру көзделген.

«Осылайша, 2029 жылы экономиканың электр энергиясына деген қажеттілігін толық қамтимыз деп күтіп отырмыз, энергетика жүйесін профицитке шығару жоспарлануда, бұл еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға да мүмкіндік береді», деді министр Ерлан Ақкенженов.