Әлем • Бүгін, 12:16

Түркияда жер сілкінді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның батыс бөлігінде түн ортасында тіркелген қуатты жер сілкінісі Ыстамбұл мен Измир тұрғындарын дүр сілкіндірді. Алғашқы деректерге қарағанда, дүмпу Балыкесир провинциясының Сындыры ауданынан бастау алған, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолыға сілтеме жасап.

Түркияда жер сілкінді

Фото:Gettyimages.ru

Сағат 22:48-де Түркияның Апаттар және төтенше жағдайларды басқару басқармасы (AFAD) 6,1 магнитудалы жер сілкінісін тіркеді. Жерасты қозғалысының тереңдігі шамамен 6 шақырымға жуық болған. Дүмпудің күші әсіресе Мәрмәр мен Эгей аймақтарындағы ірі қалалар Ыстамбұл мен Измирде айқын сезілген.

Report агенттігінің мәліметінше, Сындыры ауданында бірнеше ғимарат пен бір дүкен қираған. Алайда Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликаяның айтуынша, бұл нысандар пайдалануға берілмеген. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.