Бекзат ҚҰЛШАР
Бекзат ҚҰЛШАР«Egemen Qazaqstan»
218 материал табылды

Таным • 16 Қаңтар, 2025

Ғалам ғажаптары: ChatGPT-дің жаңа қабілеті

Сұрағаныңды лезде тауып беретін, мәтін жазудың қыр-сырын мей­лінше меңгерген, тіпті жарамсыз деген шығарманың өзін бар қатесінен арылтып, мінсіз қалыпқа түсіре алатын ChatGPT жүйесі күн санап қарқынды дамып келеді.

Digital • 31 Желтоқсан, 2024

Цифрлық трансформациядағы байыпты бастамалар

Еліміз цифрлық басқару саласында жаһандық аренадағы деңгейін нығайтып келеді. 2024 жылғы «UN E-Government Survey» есебіне сәйкес, еліміз электронды үкіметті дамыту бойынша әлемдік рейтингте 24-орынға көтеріліп, былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда позициясын 4 сатыға жақсартқан.

Білім • 20 Желтоқсан, 2024

Ұлттық сана – ұрпақ еншісі

Ұрпаққа ізгілік пен рухани құндылықты сіңіру – тек ата-ананың емес, бүкіл қоғамның міндеті. Әуезовтің тілімен айтқанда, ең әуелі – бесікті түзеп, содан соңғы жерде балабақша мен мектепті және университетті бақылауға алсақ, мұратымыз орындалатынға ұқсайды. Үстірт қарағанда солай. Ал шындап келгенде, атаулы мәселе анағұрлым күрделі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай мінберінде: «Ашығын айтсақ, қазір жас ұрпақ әлеуметтік желі арқылы тәрбие алып жатыр. Баланы дұрыс бағытқа бұрып, жол көрсетіп отырмасақ, бұл – өте қауіпті үрдіс», деген еді. Сондықтан қоғам, уақыт өзгерді дегенмен, ұлттық тәрбиеден ажырамаған жөн.

Білім • 19 Желтоқсан, 2024

Инженерлік білімнің жаңа дәуірі

Отандық инженер-ғалымдар кадр даярлаудағы интеграциялық үдерісті зерделеу мақсатында Оңтүстік Кореяда болды. Мамандар алғашқы сапарында корейлердің машина, автомобиль жасау мен кәсіптік оқытуды қалай ұйымдастыратынын көрді. Ал екінші сапар құрамында Теміртау, Рудный қаласындағы индустриялық университеттер мен Өскемендегі Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ өкілдері, сондай-ақ «ERG» және «Qarmet» қызметкерлері бар делегация металлургия саласындағы озық тәжірибемен танысты.

Таным • 13 Желтоқсан, 2024

Тұлғалар тағылымы: Бір ұжымда – 36 жыл

«Егемен Қазақстан» газетінің ұжымы өнеге тұтар аға буын өкілі – Әділ Дүйсенбек.

Қоғам • 15 Қараша, 2024

Ақжан әл-Машани мұражайы ашылды

Астанада фарабитанушы ғалым Ақжан әл-Машаниге арналған «Рухани мұра және қазіргі ғылым» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараны қалалық Білім басқармасының қолдауымен Әдістемелік орталық, Ақжан әл-Машани атындағы №92 мектеп-лицейі, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бірлесіп ұйымдастырды.

Білім • 06 Қараша, 2024

Сабаққа смартфонсыз кіреді

Екінші тоқсаннан бастап елордадағы бірқатар мектепте жаңа жоба қолға алынды. Оқушылар сабақ басталмас бұрын арнайы жәшіктерге ұялы телефонын қалдыруы қажет. Осылайша, білім алушылардың назары әлеуметтік желіде емес, оқуда болып, білім сапасы арта түседі.

Білім • 02 Қараша, 2024

Мұғалім миссиясы – зерделі ұрпақ тәрбиелеу

Еліміздің барлық өңіріндегі 300-ден аса мектеп мұғалімі, колледждер мен жоғары оқу орнының оқытушылары, студенттер, ғалымдар, білім беру саласының ардагерлері мен сарапшылар қауымы «Amanat» партиясының «Мұғалім Talks» кейс-платформасында бас қосты. Олар орта және кәсіптік білім саласының өзекті мәселелерін талқылап, оны шешу жолдарын ұсынып, өзара тәжірибе алмасты.

Мектеп • 17 Қазан, 2024

Тоқашы тәтті мектеп

Оқушылардың дұрыс һәм сапалы тамақтануы олардың денсаулығы мен біліміне тікелей әсер етеді. Бірақ осы күні мектеп асханаларына қатысты мәселелер оқу жүйесінің бітеу жарасына айналғандай. Астан уланған қаншама бала ауруханаға түсіп жатады, енді бірде тағамдардың сапасына көңілі толмай, кейістік білдіретіндер де бой көрсетеді. Осы мәселенің мән-жайын білмекке Астанадағы №84 мектепке арнайы барып, асхана жұмысымен танысып қайтқан едік.

Университет • 11 Қазан, 2024

Орталық Азиядағы ең үздік жоғары оқу орны

Беделді Times Higher Education (THE) әлемдік рейтингі үздік жоғары оқу орындар тізімін жариялады, оған төрт отандық универ­ситет кіріп отыр. Әлемде 30 мыңнан аса оқу орны бар, рейтингте дәл қайсысы көш бастап тұрғанына шолу жасап көрдік.