
Расымен, адамның мүмкіндігі ғаламат қой. Бар болғаны 25 жастағы спортшы өзінің тамыз айында қойған 6,29 метрлік рекордын өзі қайта «бұзды». Бұл – оның әлемдік рекордты 14-рет жаңартуы. Осы сайыста күміс жүлдені грек спортшысы Эммануил Каралис (6,00 м), ал қола медальды аустралиялық Кертис Маршалл (5,95 м) еншіледі. Дюплантистің техникасы мен жеңіл қимылын көрген жанкүйерлер оған «Бұл ғаламшардан емес-ау» деп таңдай қағып жатыр. Ал спортшының айтуынша, ол сырықпен секіруді үш жасынан меңгере бастаған. Кезінде ата-анасы да жеңіл атлетикамен айналысыпты. Міне, жетістік сыры қайда?