Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:05

Ұшақ апатынан сақтайды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Автокөліктегі қауіпсіздік жастық­шасын жақсы білеміз. Енді соның ұшаққа арналған нұсқасы пайда болуы мүмкін.

Ұшақ апатынан сақтайды

Дубайдағы жас инженерлер «Project Rebirth» атты ерекше жобаны ойлап тапты. Аталған жүйе әуе апаты болатынын ертерек сезіп, небәрі 2 секундта ұшақтың сыртына үлкен жастықшаларды шығарады. Ал салон ішіндегі арнайы сұйықтық соққы кезінде бірден гельге айналып, жолаушылар өмірін сақтап қалады. Бұл идея биылғы «James Dyson Award» байқауының финалына өтті. Жоба авторларының айтуынша, болашақта осы технология авиациядағы қауіпсіздікті түбегейлі өзгертуі мүмкін.