Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Ақ халат синдромы

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кейбір адамдардың қан қысымы былайғы уақытта қалыпты болға­нымен, дәрігерге барып өлшенгенде күрт көтеріліп кетеді. Бұл құбылыс­қа «ақ халат синдромы» деген атау да берілген. Мұндай кезде қысымның көтерілуі аурудың өзінен емес, дәрі­герге қаралуға байланыс­ты уайым­нан туындайды.

Ақ халат синдромы

Ал үй жағдайында бақылағанда қысым қалыпты деңгейде болуы мүмкін. Айта кетерлігі, мұның керісінше жағдайы да бар. Ол «жасырын гипертензия» деп аталады. Мұндайда адамның қысымы әдетте жоғары болып жүреді, бірақ дәрігер тексергенде қалыпты болып шығады. Яғни дәрігер қан қысымына тікелей ықпал етпейді, бірақ науқастың психологиялық күйі нәтижені өзгертіп жіберуі мүмкін.