
Референдум 2024 • 07 Қазан, 2024
АЭС салу мәселесі қаншалықты өзекті болса, осыған байланысты қолға алынған референдум да соншалықты маңызға ие. Мұндай пікірді референдумда алғашқылардың бірі болып дауыс берген Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин айтты. Ол елордадағы, Ұлттық академиялық кітапхана ғимаратында орналасқан №164 учаскеде таңдауын жасады.
Басылым • 07 Қазан, 2024
Басқа басылымдардан: Қазақстандағы референдум
Қазақстанда елдегі және бүкіл Орталық Азиядағы бірінші атом электр стансасының құрылысы бойынша референдум өтті. Референдум алдында ел билігі АЭС құрылысын ашық қолдап, БАҚ пен әлеуметтік желілерде ақпараттандыру жұмысы жүргізілді.
Саясат • 05 Қазан, 2024
Кеше Астанада ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтері басшылары кеңесінің (ҚОБК) 55-отырысы өтті.
Айбын • 04 Қазан, 2024
Қырағылық өнегесі: оңтүстіктегі шекара қызметі
15 128 шақырымға созылып жатқан еліміздің мемлекеттік шекарасы өзен, көл, теңіз, шөлейт, орман сияқты түрлі географиялық аумақтан өтеді. Шекарамыздың 13 398 шақырымы құрлыққа тән болса, су шекарасы 1 730 шақырымға жетеді. Ал Ресеймен арадағы шекара әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасы саналады, бұл шамамен 7 548 шақырымды құрайды.
Үкімет • 03 Қазан, 2024
Халықаралық келісімдер ратификацияланды
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен төменгі палатаның жалпы отырысы өтті. Жиында Мәжіліс комитеттері бірқатар жаңа заң жобасын қарастырды. Оның үшеуі халықаралық құжаттарды ратификациялауға бағытталған. Сондай-ақ Мәжілістегі «Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Серік Ерубаев палатадағы Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің құрамына сайланды.
Саясат • 01 Қазан, 2024
Отандық дипломатияның басымдықтары
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында отандық дипломатияның негізгі міндеттерін де назардан тыс қалдырмады. Олардың қатарында ел тәуелсіздігін нығайту, азаматтардың шетелдегі құқықтарын қорғау, ұлт мүдделерін ілгерілету, экономикаға сырттан инвестиция тарту бар. Сондай-ақ Президент еліміздің бейбіт және теңгерімді сыртқы саясатты берік ұстанатынын да еске салды.
Құқық • 28 Қыркүйек, 2024
Тұтынушы құқын бұзған кәсіпкерлер жазаланды
Астана қаласында сатып алушылардың өтініші негізінде сауда саласындағы 14 кәсіпкер сауда қызметін реттеу туралы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Нұрғали Егембердиев мәлімдеді.
Қоғам • 27 Қыркүйек, 2024
Басты тақырып: Өңірлік БАҚ пен балалар контентінің ахуалы
Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен елордада өтіп жатқан Astana Media Week-2024 медиа апталығының екінші күнінде отандық бұқаралық ақпарат саласының, әсіресе мерзімді басылымдардың мәселесін көтеріп, түйткілінің тамырын тап басқан қызықты да пайдалы панельдік сессиялар ұйымдастырылды.
Саясат • 24 Қыркүйек, 2024
Болашақ саммиті әлемдік бейбітшілікті көздейді
БҰҰ Бас Ассамблеясы 79-сессиясының жоғары деңгейдегі апталығы қарсаңында Ұйымның штаб-пәтерінде «Ертеңгі күн үшін көпжақты шешімдер» тақырыбында екі күндік «Болашақ саммиті» басталды. Саммит жұмысына Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған Қазақстан делегациясы қатысты.
Әлем • 20 Қыркүйек, 2024
Цифрландыру саласындағы тарихи жетістік
Еліміз цифрлық басқару саласында жаһандық аренадағы деңгейін нығайтып келеді. 2024 жылғы UN E-Government Survey есебіне сәйкес, еліміз электронды үкіметті дамыту бойынша әлемдік рейтингте 24-орынға көтеріліп, бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда позициясын 4 сатыға жақсартты.