
Экономика • 25 Қыркүйек, 2025
Қазақстанның астық нарығы: жаңа мүмкіндіктер, ескі мәселелер
2025 жылы Қазақстан бидай мен ұн экспортын 34%-ға арттырды. Бұл тарихтағы ең жоғары көрсеткіш болып, еліміздің өңірлік және жаңа сыртқы нарықтардағы ұстанымдарын нығайтуды қамтамасыз етті. Алайда, оң динамикаға қарамастан, елдің агроөнеркәсіптік саласы жүйелі проблемаларға тап болып отыр.
Үкімет • 23 Қыркүйек, 2025
Газадағы гуманитарлық дағдарыс: Қазақстан әлемге үндеу жасады
Палестинаның Газа секторындағы күрделі ахуал – әскери қимылдар мен гуманитарлық дағдарыс барған сайын күшейіп бара жатыр. Байланыстың жоқтығы да ондағыларға көмек жеткізуді айтарлықтай қиындатып отыр. Ал Біріккен Ұлттар Ұйымы мен гуманитарлық ұйымдар Газа халқының аштыққа жақындап қалғанын ескертіп, дабыл қаққалы қашан...
Денсаулық • 21 Қыркүйек, 2025
Қазақстанда қауіпсіздік профилі жетілдірілген жаңа белсенді компонент – эстетрол негізіндегі соңғы буындағы құрамдастырылған контрацептивтік таблетка таныстырылды, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 20 Қыркүйек, 2025
Татулық пен келісім миссиясын атқарған Астана
Әлемнің әр түкпірінен ділі мен діні бөлек болса да, ниет-тілегі бір рухани көшбасшылардың басын бір ортада қосып, «бейбітшілік пен келісім» атты адамзатқа ортақ құндылықты дәріптеуге бағытталған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі де өз жұмысын тәмамдады. Әлемге мейірім мен махаббаттың, толеранттылық пен татулықтың дәнін сеуіп жүрген съездің миссиясы мұнымен тоқтамақ емес. Делегаттар, амандық болса, 2028 жылы елорда төрінде тағы да кездесуге уағдаласып, дәстүрлі декларация қабылдады.
Қоғам • 18 Қыркүйек, 2025
Мемлекеттік корпорация қызмет көрсету сапасын арттыру үшін оқыту іс-шараларын ұйымдастыруда
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерін жетілдіруге және заманауи тәжірибелерді енгізуге бағытталған оқыту іс-шараларын тұрақты түрде өткізіп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 17 Қыркүйек, 2025
Діни нысандар – жалпыадамзат құндылығы
Біріккен Ұлттар Ұйымы адамзаттың игілігі жолындағы жаһандық бастамаларды ілгерілету үшін Астанадағы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің алаңын құп көріп, Өркениеттер Альянсының арнайы сессиясын өткізді. Діни нысандарды қорғау бағытындағы адамзатқа ортақ өзекті мәселелер талқыланған іс-шара жоғарыда аталған съез аясында алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
Үкімет • 11 Қыркүйек, 2025
Банктерге қатысты ескірген заң жаңартылады
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, комитеттер жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады. Олардың басым бөлігі халықаралық келісімдерді ратификациялауға бағытталды.
Парламент • 10 Қыркүйек, 2025
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Respublica партиясы фракциясының мүшесі Олжас Құспеков Премьер-Министрге депутаттық сауал жолдап, коммерциялық іс-шараларда тәртіпті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлерін шамадан тыс тарту мәселесін көтерді, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 10 Қыркүйек, 2025
Жолдаудың негізгі бағыттары сараланды
Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ұйымдастыруымен «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сараптамалық алаңында «Президент Жолдауы: Қазақстан дамуының алдағы бағыттары» тақырыбындағы отырыс өткізілді. Оған мемлекеттік органдардың, талдау орталықтарының, жоғары оқу орындарының, ғылыми қауымдастықтың өкілдері қатысты.
Қоғам • 06 Қыркүйек, 2025
Оқушының оғаш қылығына кім жауапты?
Бала болған соң, бір-бірімен шекіспей тұрмайды. Алып-ұшқан адуынды мінезімен алды-артын аса бағамдай бермейтін жасөспірімдер төбелесінің салдары кейде үлкен дауға ұласып жатады. Тіпті қораз төбелестіргендей қаумалаған құрбы-құрдастары олардың видеосын желіге жүктеп, оның арты қоғамдық резонанс тудырады. Бір қызығы, мектептен жырақ жерде, сабақтан тыс уақытта болса да оқушылардың оғаш әрекеттеріне ата-ана емес, алғы кезекте мұғалім, мектеп әкімшілігі жаза арқалайды. Бұл қаншалықты әділетті?