Жасұлан СЕЙІЛХАН
Жасұлан СЕЙІЛХАН«Egemen Qazaqstan»
284 материал табылды

Саясат • 31 Шілде, 2025

Қазақ-түрік қарым-қатынасы: Болашағы баянды бауырластық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға жасаған ресми сапары қос тараптың стратегиялық әріптестігі аясындағы негізгі басымдықтарын тағы бір айқындап берді. Бұйыртса, жыл өткен сайын жанданып келе жатқан сауда айналымы серпін алмақ. Төңіректегі тыныштықты бұзып тұрған геосаяси ахуал да екі ел Президенттерінің қорғаныс, әскери-техника бағытындағы әріптестікті тағы бір пысықтауына негіз болды. Қысқасы, қос елдің бір-біріне деген құрметі мен достығы тұрғысынан қол қойылған 18 құнды құжат маңызды мақсатқа, ортақ мүдделі мұраттарға жетелемек.

Форум • 30 Шілде, 2025

Әлем әлеуметтанушыларының сындарлы жиыны

Жуырда Марокконың Рабат қаласында Халықаралық әлеуметтану қауым­дастығының (ISA) ұйымдастыруымен «Knowing Justice in the Anthropocene» атты 5-форумы өтіп, онда Антропоцен дәуірінің негізгі сын-қатерлері талқыланды. Оған еліміз атынан Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері, әлеуметтану докторы, профессор Айгүл Забирова мен осы институттың қоғамдық пікірді зерттеу бөлімінің басшысы Салтанат Ермаханова қатысып, баяндама жасады.

Экономика • 30 Шілде, 2025

Мұнай нарығының жаһандық жолы

Шілде айында отандық мұнай-газ секторында жақсы жаңалықтар болды. Әсіресе еліміз ұзақмерзімді өндіріс стратегиясы аясында Қытай мен Үндістанға жанармай экспортын арттыруды көздеп отыр. Сондай-ақ Қара теңіз арқылы тасымалданатын мұнай экспорты қайта жанданды. Үкімет биылғы алғашқы жартыжылдықта қара алтын өндірісін 11,6%-ға арттырды. Сонымен қатар еліміздің OPEC+ құрамынан шықпайтыны да белгілі болды.

Қоғам • 25 Шілде, 2025

Отбасын қолдау орталықтары үш есе артты

Мәдениет және ақпарат министрлігі осы жылдың бірінші жарты­жылдық кезеңінің қорытындысын шығарып, оның ішінде гендерлік саясат пен отбасын қолдау саласындағы негізгі бастамаларды да ұсынды. Қорытындыда мемлекетіміз ұлттық құндылықтарды сақтай отырып және халықаралық стандарттарды ескеріп, бұл бағыт бойынша жүйелі жұмыстар жалғасып келе жатқаны айтылады.

Заң мен Тәртіп • 22 Шілде, 2025

Қайтарылған активтер халық игілігіне жарап жатыр

Президент бұлжымас заңдай ұсынған «Заң мен тәртіп» қағидаты елге біраз шапағатын тигізе бастады. Әсіресе байыған үстіне байи түскен олигаполиямен күрес шаралары айтарлықтай нәтиже көрсетіп келеді.

Туризм • 21 Шілде, 2025

Көлсайға саяхат: Жетісулық балалар үшін танымдық экскурсия ұйымдастырылды

2025 жылғы 12 шілдеде Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Human Resources Kazakhstan» жеке мекемесі Жетісу ауданының демалыс орталықтарында тәрбиеленіп жүрген балалар үшін Көлсай көліне танымдық экскурсия ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Есірткі • 11 Шілде, 2025

Нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай ерекше іс-шара өтті

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы және Наурызбай ауданы әкімдігінің қолдауымен, «Human Resources Kazkhstan» жеке мекемесінің ұйымдастыруымен есірткіге қарсы шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Саясат • 09 Шілде, 2025

Бірлікті арттыратын ортақ бастамалар

7 шілдеде Циндао қала­сын­да ШЫҰ-ға мүше мем­ле­кеттердің мәдениет министр­лерінің 22 кеңесі өтті.

Аймақтар • 05 Шілде, 2025

Ауыл тұрғындарының аманаты

Демалысқа шыққан депутаттар кеше де еліміздің біраз өңірінде болып, назарда тұрған нысандарды аралап көрді. Атап айтсақ, Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Абай облысының бірқатар ауылында болып, тұрғындардың мәселесін тыңдады.

Білім • 05 Шілде, 2025

Кәсіпкер егіз қыздардың жұбын жазбай, арман мектебіне бірге оқуға түсуге көмектесті

Айым және Гүлім Орынбасар – Түркістан облысының Қазығұрт ауылында туған егіз қыздар. Олардың екеуі де ауыл балаларына тегін білім сыйлап, әлемнің үздік жоғары оқу орындарына дайындайтын IQanat High School of Burabay мектебіне оқуға түсуді мақсат етті. Дегенмен, іріктеуден өту оңай болған жоқ: IQanat Олимпиадасына 50 мың бала қатысса, биыл олардың тек 250-і ғана грант иеленді, деп жазады Egemen.kz.