Абзал МАҚАШ
Абзал МАҚАШ«Egemen Qazaqstan»
959 материал табылды

Мереке • 01 Наурыз, 2025

Алтын алма, алғыс ал

Біздің ел көктемнің алғашқы күнін алғыс айтудан бастайды. Қиын-қыстау заманда қолтығына сүйеу, көңіліне демеу болғаны үшін қазақ халқына түрлі этнос өкілдері ризашылығын білдіреді. Уақыт өте келе мерейлі мереке рухани сипат алып, адамдар ата-анасы, ұстаздары, достары секілді жақын-жуық жандарына алғыс айтатын болды. Қызық, бір-ақ ауыз сөздің көңілге көктем сыйлайтын қандай сиқыры бар? Расында бұл терең тақырып. Ендеше алғыс айту құбылысының пәлсапалық, психологиялық негіздеріне тоқталып, оның ұрпақ санасында жаңаша түрде қалай жаңғырғанын зерделеп көрейік.

Суицид • 28 Ақпан, 2025

Суицид «эстетикасы» немесе шығармашылық адамдардың жасырын үгіті

Өнер – өмірдің көркемдік кеңістіктегі көшірмесі. Ал шығармашылық адамдардың қадым заманғы қасіреті – шынайы өмірді өнермен шатастырып алу. Мәселен, Анна Каренинаның пойыздың астына түсіп өлуі  оқырман жанын астаң-кестең қылады. Бірақ сонысымен ол сіз бен бізге эстетикалық ләззат сыйлап отыр. Міне, мұнда шығарманың көркемдік деңгейін көтеріп тұрған осы – Аннаның ажалы. Сол секілді кейбір ақын-жазушылар оқырмандарын туындысымен ғана емес, өмірімен де таңғалдырғысы келеді. Яғни оның өмірі қандай сұлу болса, өлімі де сондай ерекше болу керек. Осы себепті көптеген қаламгер өз-өзіне қол жұмсап, өмірін көркем шығармадағыдай ең қызықты шағында үзіп кете берді.

Экономика • 28 Ақпан, 2025

Доллар бағамы түсті

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Егемен Қазақстан • 28 Ақпан, 2025

Қазақ баспасөзінің ардагерлеріне құрмет көрсетілді

«Қазақ газеттері» серіктестігінде  қазақ баспасөзіне елеулі еңбек сіңіріп, зейнет демалысына шыққан бірқатар азаматқа құрмет көрсетілді. Сондай-ақ жаңа қызметке тағайындалып жатқан журналистерге «сәт сапар» айтылды. Жиынды Бас директор Дихан Қамзабекұлы жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Денсаулық • 28 Ақпан, 2025

Екі жасар бала 105 магнитті жұтып қойған

Алматыда хирургтар екі жасар баланың асқазанынан 105 магниттік моншақ алып шықты. Бұл туралы 2025 жылдың 28 ақпанында қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Әлем • 28 Ақпан, 2025

Қытайлар егіс алқабында жүретін агропойыз жасап шығарды

Жаңа техника жүк тасымалына арналған. Бұл тың тәсіл диқандардың алқаптардағы еңбек ауырлығын жеңілдетіп, жұмыс тиімділігін арттырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Халық • 27 Ақпан, 2025

Аида Балаева үкіметтік емес ұйымдарды мерекесімен құттықтады

27 ақпанда жыл сайын дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні атап өтіледі. Осыған орай Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева атаулы күннің иелерін мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әскер • 27 Ақпан, 2025

Әскери кафедралардың қызметін реттейтін заңнамаға өзгеріс енгізіледі

Қорғаныс министрлігі жоғары оқу орындарындағы әскери кафедралардың қызметін реттейтін заңнамаға өзгерістер енгізуге дайындалып жатыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар алаңында өткен  брифингте айтылды , деп хабарлайды Egemen.kz.

Дін • 27 Ақпан, 2025

Рамазан айына 1 күн қалды

Діни басқарма бекіткен 2025 жылғы діни күндер кестесіне сәйкес, биыл Рамазан айының алғашқы күні көктемнің бірінші күніне, яғни 1 наурызға сәйкес келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы • 26 Ақпан, 2025

Алматыдағы Даңқ мемориалы жаңартылады

Алматыда 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақтағы Даңқ мемориалы аумағында қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.