Саясат • Бүгін, 09:53

АҚШ Иранға ескерту жасады: Трамптың ядролық мәмілесі орындала ма?

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранды ядролық келісімге тез арада келуге шақырып, талап орындалмаса, келесі әскери соққының әлдеқайда ауқымды болатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, АҚШ Иран бағытына ірі әскери күш шоғырландырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

АҚШ Иранға ескерту жасады: Трамптың ядролық мәмілесі орындала ма?

Фото: pinterest.com

Truth Social әлеуметтік желісінде жариялаған жазбасында Трамп Иранға соңғы ескерту жасады. Ол Тегеранды ядролық қарудан бас тартуды көздейтін «әділ әрі тең» келісімге келуге үндеді.

«Иран келіссөз үстеліне тездетіп отырады деп үміттенемін. Уақыт тығыз, бұл шынымен де шешуші кезең. Келесі соққы бұдан да ауыр болады», деп жазды АҚШ президенті.

Иран төңірегіндегі қауіп мұнай бағасын қайта қымбаттатты

Трамптың айтуынша, Иранға бет алған америкалық әскери кемелер тобына USS Abraham Lincoln ұшақ тасымалдайтын кемесі жетекшілік етіп келеді. Президент бұл кеме қажет жағдайда әскери күш қолдануға дайын екенін атап өтті.

Өткен аптада-ақ АҚШ Иранмен арадағы қарым-қатынастың ушығуына байланысты Таяу Шығыстағы әскери қатысуын күшейтіп жатқаны хабарланған. Вашингтон бұл әрекеттерді аймақтағы қауіпсіздік пен стратегиялық мүдделерді қорғау қажеттілігімен түсіндіріп отыр.

Соңғы жаңалықтар