Спорт • 20 Мамыр, 2025
Елімізде ұлттық спортқа қаншалықты көңіл бөлініп жатыр
Елімізде ұлттық спортты ұнатып қана қоймай, мән бере айналысып жүргендер нөпірі артып келеді. Қалың қауым ден қойып, қайта сәнге айналған спорттың бірі – садақ ату. Ежелде жауға шапқанда алғышептен қорамсаққа қол салған мергендер орын алған. Бейбіт күнде мазмұны түрленген садақ ату ойды жинақтап, ептілікке баулитын – ұлттық спорт. Елімізде Республикалық садақ ату федерациясы 2019 жылы құрылған. 2022 жылға дейін өзін спорт ретінде дәлелдеп, сол жылдың қазанында тұңғыш рет Маңғыстауда ҚР чемпионаты өтті. Алғашқы мергендер бәсекесіне 200-ге жуық адам қатысқан. Федерация құрылған тұста садақ атуды жанынан серік етіп, кәсіби деңгейде көңіл бөлген 50 спортшы болса, бүгінде бұл көрсеткіш 300-ге жеткен. Оның ішінде 52 мерген ел намысын әр деңгейдегі дүбірлі додаларда қорғап жүр. Сондай-ақ халықаралық деңгейдегі 8 садақшы мемлекет тарапынан стипендия иегері атанған. Садақ атудың тартымдылығы арта түскенін федерацияның 20 өңірде ашылғанын-ақ аңғаруға болады, деп жазады Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 20 Мамыр, 2025
Жыл басынан бері 159 мың әкімшілік құқықбұзушылық анықталды
Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы өткізіліп жатыр. Акция таза және қауіпсіз орта құруға, заңсыз қоқыс орындарының алдын алуға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 20 Мамыр, 2025
Қай өңір тұрғындары бұқаралық спортпен белсенді айналысады
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, бүгінде халықтың 40,4 пайызы, яғни 8 406 213 астам адам тұрақты түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 20 Мамыр, 2025
Оқушылар жазда мұражайлар мен театрларға тегін кіре алады
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 20 Мамыр, 2025
Қыркүйектен бастап студенттердің стипендиясы көбейеді
Бүгін Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Қазақстанда жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған студенттерді мемлекеттік қолдау шаралары туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Балалар • 20 Мамыр, 2025
10 мың бала лагерьлерде тегін демалады
Бүгін Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жазғы демалыс кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру шаралары туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Мамыр, 2025
Биыл 60 бала терезеден құлап кеткен
Осы жылдың 19-мамырындағы дерек бойынша, терезеден құлап кеткен 60 баланың бесеуі оқиға орынында көз жұмған. 55 бала түрлі жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілген. ТЖМ күннің жылуына байланысты осындай оқыс оқиғалар жиілейтінін қаперге салып, ата-аналарды сақтыққа шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2025
Қызылорда облысында 15 мың гектардан астам егістік жер қалпына келтірілді
Жалағаш ауданында Сырдария өзені бассейніндегі ирригациялық және дренаждық жүйелерді қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, осы жұмыстар шеңберінде 1362,2 шақырым канал қайта жаңғыртылған, деп жазады Egemen.kz.
Қысқы спорт • 19 Мамыр, 2025
Қазақстан шайбалы хоккей құрамасы АҚШ-қа есе жіберді
Данияда шайбалы хоккейден әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жаһан біріншілігінің кезекті сынында ел құрамасы АҚШ спортшыларынан жеңілді, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 19 Мамыр, 2025
Елімізде «Музей түні – 2025» акциясы қалай өтті
18 мамыр әлем бойынша «Халықаралық музей» күні аталып өтілді. Айтулы датаны еліміздегі мәдени мекендер «Музей түні – 2025» акциясымен айшықтады. Бұл күнді келушілер көңілін бұрып, таңғажайып түн форматында өткізу Қазақстанда 2006 жылдан қалыптасты. ҚР Орталық музейінің осы бастамасы бүгінде бұлжымас дәстүрге айналып, осы жылы жиырмасыншы рет ұйымдастырылды. Қазір ел бойынша 294 музей жұмыс істеп тұр. Өткеннің өрнегін бүгінге жеткізіп, болашаққа аманаттар орындарда 4,5 млн жәдігер сақтаулы. Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, былтыр Қазақстан музейлерінің табалдырығын 6,6 миллионнан астам адам аттаған, деп жазады Egemen.kz.